
Өмірбаяны
Мен, Түндебаев Асхат Мәшенұлы, жеке кәсіпкермін, «Медет» ЖК басқарып келемін. Менің ұстанымым – әр істің нәтижесі болуы керек, ал халықтың сенімі нақты іспен ақталуы тиіс. Бескөл ауылдық округінде жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, ауызсу сапасы, абаттандыру және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі маңызды. Бұл мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, жергілікті даму жоспарларының орындалуын бақылауды мақсат етемін
Сайлауалды бағдарламасы
Ауданның даму жоспарына сәйкес, Бескөл ауылындағы Бүтіншінов, Қайыров көшелеріне жалпы ұзындығы 1,3 км болатын жол учаскелерін жөндеу жобасының орындалуына назар аударамын. Қызыл ту ауылы көшелері мен Бескөл станциясы көпір жолының жасалуына ықпал етемін.
Бескөл ауылын газдандыру – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартатын маңызды бағыт. Ауданның жол картасында 30 км және 80,1 км газ желісін тарту көрсетілген. Сонымен қатар, ауылда 3 км көше жарығын орнату жоспарланған. Осы жобалардың орындалу барысын бақылап, коммуналдық инфрақұрылымға қатысты тұрғындар өтініштерін көтеремін.
Бескөл ауылындағы шағын және орта бизнесті қолдауға, кәсіпкерлердің жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары туралы ақпаратқа қол жеткізуіне ықпал етемін. Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашуына, қызмет көрсету саласын дамытуына және жаңа табыс көздерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін 10 бастаманы қолдаймын.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың мәселелерін назарда ұстап, шаруашылықтарды қолдау бағдарламаларының қолжетімді болуына ықпал етемін. Жерді тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және шағын шаруашылықтардың дамуына жағдай жасау.
Бескөл ауылында тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға басымдық беремін. Ауданның даму жоспарында жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру және жастар практикасына тарту бойынша жыл сайын 100 адамды қамту міндеті көзделген. Осы мүмкіндіктер туралы тұрғындардың хабардар болуына және бағдарламалардың қолжетімді болуына ықпал етемін.
Бескөл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуі мен алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсарту мәселелерін көтеремін.
Бескөл станциясындағы Әуезов атындағы №14 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуіне ықпал етемін. Осы жұмыстың уақытылы жүзеге асырылуына, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға назар аударамын.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, қарттардың және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуметтік қолдауға қол жеткізуіне ықпал етемін.
Ұялы байланыс операторларына (Kcell, Beeline) мұнара қуатын арттыру туралы депутаттық сауал жолдау.
Бескөл ауылын абаттандыру, көшелердің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелерін көтеремін.
