Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Данабекова Салтанат Мелісқызы

Өмірбаяны

Мен, Данабекова Салтанат Мелісқызы, Еңбекші ауылында дүниеге келдім. Мамандығым-мұғалім. Еңбек жолымды білім беру саласында мұғалім болып бастадым. Ұстаздық қызмет атқара жүріп, жас ұрпаққа сапалы білім  мен саналы тәрбие беруге , олардың қабілетін  дамытуға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға үлес қостым.  Менің бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назар қордаланған мәселелерді шешу ғана емес, ауылдың әл ауқатын дамытуға, еңбек адамын қолдауға,жастарға жаға мүмкіндіктер ашуға және туған жерімізді сақтауға бағытталады. Алға қойған мақсаттарымның негізінде нақты атқарылатын шаралардың орындалуын бақылап отыруға күш жігерімді саламын.

Сайлауалды бағдарламасы

Жол – ауыл мен қаланы байланыстыратын, маңызды инфрақұрылым. Сондықтан мен үш негізгі бағытқа басымдық беремін. Біріншісі – сапалы жол. Екіншісі – қолжетімді қоғамдық көлік. Үшіншісі – жол қауіпсіздігі.

Арқарлы — Үшарал 70 км автомобиль жолын сапалы жөндеу жұмысының толық аяқталуына ықпал ету. Аталған жолдың ауыл тұрғындары үшін маңызы зор екенін ескере отырып, жол жамылғысының сапасын арттыруға және қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге,елді мекендер арасындағы көлік қатынасын ауылішілік жоларды жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты қозғалысын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Сапалы су, желіліредегі апаттар, электр желілірінің тозуы, жарықтың жиі сөнуі, қуат тапшылығына байланысты туындайтын кедергілерді жою мақсатында 20 қосалқы станция салып, ауылды мекендердің үздіксіз әрі тұрақты электрмен қамтамасыз етілуін бақылауда ұстау.Табиғи газға қосылмаған елді менкендерді 100 пайызға газдандыру мәселесін кезең кезеңімен шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Қала кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету, сауда және жаңа өндіріс жобаларына жағдай жасауды қолдаймын.

Архарлы, Қызылащы, Жанама ауылдары көшелерінің абаттандырылуы, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық орындар мен коммуналдық қызмет сапасы бойынша тұрғындар ұсынысын көтеремін. Жоспарланған жұмыстардың орындалуын бақылауға мән беремін.

Ауылдағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жыл сайын 100 адамды қамту жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.

Тұрғындардың өмір сүру жасын ұзарту, денінің саулығын қадағалау, қолжетімді әрі тиімді медициналық көмектің көрсетілуі аса маңызды. Ауыл  тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.

Ауылдарында балаларға арналған ойын алаңдарын салуға және қолданыстағы алаңдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін. Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын басты назарда ұстап, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылардың ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, олардың шешілуіне атсалысамын.

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.

Ауыл  мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.

 «Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырымыз.

Мәліметпен бөлісу: