
Қазақстан – шамамен 7 миллион бала өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекет. Бұл – еліміздің болашағы үшін орасан зор әлеует. Мемлекет өзінің кішкентай азаматтарына медициналық көмектің толық тізбесін пайдалануға кепілдік береді.
Медициналық көмек балаға барлық кезеңдерде: дүниеге келер алдындағы тексерулерден бастап, өмірінің алғашқы күндеріндегі бақылау, профилактика, диагностика, емдеу мен қалпына келтіру кезеңдеріне дейін ұсынылады. Бұл жұмысқа емханалардың, перинаталды орталықтардың, балалар ауруханасы мен мамандандырылған клиника дәрігерлері мен мейірбикелері қатысады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметіне сай, балаларға ең жиі көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің алғашқы 3 қатарына мыналар кіреді:
— аппендэктомия отасы — 11,6 мың жағдай;
— жарақат кезіндегі көмек, оның ішінде жара, күйікті хирургиялық өңдеу, әртүрлі сынықтарды бекіту — 11 мың жағдай;
— ЛОР-көмегі — 4,2 мың ота.
Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру есебінен жүргізілетін күрделі және бірегей ем түрлері де қолжетімді. Оларға жүрек пен бауыр трансплантациясы, дің жасушаларын трансплантациялау, дәрі-дәрмекке төтеп бере алмайтын эпилепсия кезінде кезбе жүйкені ынталандыру, электромагниттік есту аппаратын имплантациялау, сондай-ақ жүрек пен жүрек қабығына диагностикалық процедуралар жатады. 2026 жылдың тоғыз айында көмектің бұл түріне қазақстандықтардың жарналарынан 3,3 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды.
Мысалы, бір жүрек трансплантациясы, үш бауыр трансплантациясы, 36 дің жасушасын трансплантациялау, кезбе жүйкені ынталандыру — 52 араласу және есту аппаратын имплантациялап емдеудің 254 жағдайы жүзеге асырылды. Мұндай көмектің орташа құны 8 миллионнан 31 миллион теңгеге дейін жетеді.
Бұдан басқа, балаларды сақтандыру пакетіне жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек кіреді. Ал жақ-бет аймағында туа біткен патологиялары бар балаларға, сондай-ақ тіс-жақ аномалиялары бар 6 мен 12 жас аралығындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ортодонтиялық көмек, оның ішінде тіс-жақ бұзылыстарын түзетуге арналған алмалы-салмалы пластинкаларды қолдану жасалады.
Республика күні қарсаңында еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа жасалатын қамқорлық пен мүмкіндіктерден басталатынын ұмытпағанымыз жөн. Уақтылы көрсетілген сапалы медициналық көмек балалардың салауатты өсіп, білім алуына, өз таланттарын ашып, армандарын жүзеге асыруына жол ашады. Жас буынның денсаулығын қорғау — әрбір отбасының әл-ауқатын және тұтас мемлекеттің қуатын нығайтудың негізі.
Жетісу облысы бойынша
КеАҚ «Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры»
Охрана здоровья детей: забота о будущем Казахстана
Казахстан – молодая страна, в которой сейчас растут около 7 млн детей. Это огромный потенциал для будущего нашей страны.
Государство гарантирует доступ к полному перечню медицинской помощи для своих маленьких граждан.
Медицинская помощь сопровождает ребенка на всех этапах: от обследований до рождения и наблюдения в первые дни жизни до профилактики, диагностики, лечения и восстановления. В этой работе участвуют врачи и медицинские сестры поликлиник, перинатальных центров, детских больниц и специализированных клиник.
По данным Фонда социального медицинского страхования, в ТОП-3 наиболее часто оказываемой детям специализированной медицинской помощи входят:
— удаление аппендикса — 11,6 тыс. случаев;
— помощь при травмах, в том числе хирургическая обработка ран, ожогов, фиксация при различных переломах – 11 тыс. случаев;
— ЛОР-вмешательства – 4,2 тыс. операций.
Помимо этого, доступно сложное и уникальное лечение, которое проводятся за счет медицинского страхования. Это трансплантация сердца и печени, трансплантация стволовых клеток, стимуляция блуждающего нерва при устойчивой к лекарствам эпилепсии, имплантация электромагнитного слухового аппарата, а также диагностические процедуры на сердце и перикарде. За девять месяцев 2026 года на эти виды помощи направлено более 3,3 млрд теңге взносов казахстанцев.
Например, проведены одна трансплантация сердца, три трансплантации печени, 36 трансплантаций стволовых клеток, 52 вмешательства по стимуляции блуждающего нерва и 254 случая лечения с имплантацией слухового аппарата. Средняя стоимость такой помощи составляет от 8 до 31 млн теңге.
Помимо этого, в страховой пакет для детей входят плановая и экстренная стоматологическая помощь. А для детей с врожденными патологиями челюстно-лицевой области, а также детей из малообеспеченных семей в возрасте от 6 до 12 лет с зубочелюстными аномалиями предоставляется ортодонтическая помощь, в том числе с применением съемных пластинок для коррекции зубочелюстных нарушений.
В преддверии Дня Республики особенно важно помнить: будущее Казахстана складывается из возможностей, которые мы создаем для детей сегодня. Своевременная медицинская помощь дает им возможность расти здоровыми, учиться, раскрывать свои таланты и воплощать мечты. Сохраняя здоровье подрастающего поколения, мы укрепляем благополучие семей и нашей страны.
Филиал по области Жетісу
НАО «Фонд социального
медицинского страховния»
