Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Валиев Асхат Асылбекұлы

Өмірбаяны

Валиев Асхат Асылбекұлы, 1970 жылдың 22-ші мамырында Алматы облысы, Үшарал қаласында дүниеге келген.1990 жылы Үшарал қаласындағы СПТУ-ды тракторшы-машинист мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, Бұлақты ауылындағы «Валиев» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданының ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және кәсіпкерлікті қолдау – басты мақсатым. Шаруа қожалықтарының дамуына, заманауи технологияларды енгізуге, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етемін. Сонымен қатар мәдениет пен спорт саласындағы бастамаларды қолдап, жастардың дамуына жағдай жасауға және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге атсалысамын.

Мәліметпен бөлісу: