
Өмірбаяны
Жолжақсынов Нұржан Серікұлы, 1980 жылдың 12-ші шілдесінде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Талдықорған қаласындағы Талдықорған зооветеринарлық техникумын «Зоотехния» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жеке компаниялар мен ветеринариялық дәріханаларда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ветеринариялық дәрігер қызметін атқарады.
Сайлауалды бағдарламасы
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, аз қамтылған отбасыларға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – басты мақсатым. Ветеринария саласындағы қызмет сапасын арттыруға, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың мәселелерін шешуге және ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етемін. Ауылдағы өзекті мәселелерді назарға алып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында еңбек етуге күш саламын.
