
Өмірбаяны
Қабдолдаев Ерлан Сатикенұлы, 1970 жылдың 4-ші ақпанында, Алматы облысы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылында тұрады. 1992 жылы Талдықорған қаласындағы мемлекеттік зооветеринарлық техникумды «Ветеринар дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылдан бастап Бұлақты ауылындағы орта мектепте шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерін дамыту, тұрғындардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын жақсарту – басты мақсатым. Ауыл инфрақұрылымын жетілдіру, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау, білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын жақсарту және жастар тәрбиесіне қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргіземін. Тұрғындардың өтініш-тілектерін назарға алып, ауылдың өзекті мәселелерінің шешілуіне және ауданның өркендеуіне атсалысамын.
