Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Оразымбетова Құралай Құсайынқызы

Өмірбаяны

Оразымбетова Құралай Құсайынқызы, 1981 жылдың 14-ші наурызында Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Андреевка ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақжар ауылында тұрады. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.  2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Теректі орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Педагог-сарапшы.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданында білім беру сапасын арттыру, ауыл мектептерінің дамуына қолдау көрсету және балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау – басты мақсатым. Ұстаздардың кәсіби әлеуетін көтеруге, білім саласына заманауи технологияларды енгізуге және ауыл балаларының жан-жақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға атсалысамын. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жолында еңбек етемін.

Мәліметпен бөлісу: