
Өмірбаяны
Тайкин Еламан Ерікұлы, 1992 жылдың 6-шы қаңтарында 1. Алакөл ауданының Еңбекші ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Еңбекші ауылында тұрады. 2013 жылы Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылы Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында білім алған. 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алакөл Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының тазалығын сақтау, инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – басты мақсатым. Ауылдар мен қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту бағытында жұмыс жүргіземін. Сонымен қатар абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бастамаларын қолдап, тұрғындардың өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал етемін.
