
Өмірбаяны
Хусинов Нұрбақыт Меңдібайұлы 1986 жылдың 25-ші қарашасында Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында тұрады. 2015 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Режиссура» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015–2017 жылдары Қазақ ұлттық университетінің телестудиясында режиссер болып жұмыс істеген. 2018 жылы «Alakol Cinema» жеке кәсіпкерлігін ашып, содан бері ауданда түрлі бейнероликтер түсірумен айналысып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданында кәсіпкерлікті, шығармашылық индустрияны және мәдениет саласын дамытуға үлес қосу – басты мақсатым. Жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын қолдауға, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға және аудандағы мәдени жобалардың жүзеге асуына ықпал етемін. Сонымен қатар ақпараттық және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге атсалысамын.
