Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Алакөл Жастар Дарабозы» ЖҚБ-ның ұйытқы болуымен Ақши ауылы, «Береке» демалыс орнында «Көшбасшы әйелдер» тақырыбында семинар өтті. 2030 жылға дейін отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған шарада білім беру, мәдениет, құқық қорғау, шекара қызметі салаласындағы көшбасшы ханымдар, әйелдер ісі және гендерлік теңдік жөніндегі кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерібас қосты.
Алғы сөз кезегін алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сүлейменовалтындай уақыттарын бөліп, шақыртудан бас тартпай келген баршанәзік жанды аруларға алғысын білдіріп, олардың қоғамда, отбасында атқарып отырған қызметіне тоқталды. Келесі кезекте аудандық мәслихаттың депутаты, Көктұма орта мектебінің директоры А.Қасымжанова басшылық және мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі жайлы баяндама оқыса, «Алакөл Экосистема» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі К.Бектемісова кәсіпкерлік жолында жеткен жетістіктері мен еңсерген биіктері жайлы әңгіме өрбітті. Жергілікті әкімшілік полиция қызметінің әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық бойынша инспекторы М.Старкова тұрмыста әйелдерге қатысты күш көрсетушілік фактілерінің алдын алу жолдарын, ал 2484 әскери бөлімінің әйелдер ісі жөніндегі кеңес төрайымы А.Донбаевазайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан еркектер мен арулардың құқықтары тең екендігін атап өтті.
Тағылымы терең шара жоғары санатты психолог маман А.Қыдырбаеваның арнайы дайындап келген ойындарына ұласты.
Семинар соңында барлық қатысушылар ұйыдастырушылар тарапынан арнайы әзірленген сертификаттармен марапатталды.
А.ИМАНАСОВА.