Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 14. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Бағытымыз – Мәңгілік ел

Ширек ғасырдан астам уақыт түзілген тәуелсіз тарихымыздың қойнауына зер салып, зерделейтін болсақ ұлт руханятын ұлылыққа жетелеген Елбасымыз мемлекетіміз бен мұқым қазақ елінің мүддесі үшін кемел бастамалар көтеріп, кенен саясатын қалыптастырды. Жүрісі жылдам дәуір ағымымына, қателік пен кемшілікті кешірмейтін заман талабына шыдас бере алатын мемлекеттің мызғымас ірге тасын қалады. Айбынымыздың асып, абыройымыздың тасып жатқандығы Ұлт көшбасшысының арқасы десем қате айтпаспын. Бұл ширек ғасыр мұғдарында ұстынды идеясын идеологияға айналдырған Елбасының ерен еңбегі.

Қазақстанның әлеуметтік әлеуетінің, экономикалық ахуалының қарқынды дамуына ерекше серпін сыйлайтын тың тақырыптар көтерілгенМемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты туындысы бірталай түйткілді мәселелерді тамырынан бастап жоюға бағытталған.

Инновация мен жаңашылдық салтанат құрып тұрған заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асырудың жолдарын түсіндірген ойы орамды туындысы ұлт санасын сілкіп, рухани кемелденуге бағыттағаны да анық.  Тарқатып айтар болсақ,  білім беру жүйесінде баламасы жоқ бағдарлама ұсынып, ең үздік 100 оқулық қазақ тіліне аударылатынын жеткізді. Бұл өзгеріс халқымыздың санасының әлемдік кеңістікке, жаһандық деңгейге көтерілуіне тың серпіліс бермек. Жалпыұлттық патриотизмнің қалыптасу қарқынын арттыруға бағытталған «Туған жер» жобасының тұсауын кесіп, барша қазақстандықтарды бірлікке, берекеге, өңірін, отанын сүюге үгіттеді. Осы арқылы «100 жаңа есім» ұғымын енгізіп, мұқым елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған азаматтардың тізімін жинақтауды бұйырды.

Білім кез-келген елдің интелектуалды және рухани әлеуетін көтеретін маңызды фактор болғандықтан осы саланы жандандыруды кезек күттірмейтін міндетті алғышарттардың қатарына қойды. Қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылым және білім  беру процесінің  ерекшеліктерін ұтымды пайдалану мақсатында қазақ тілінің әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіруді ұсынды. Ұлт көшбасшының осы сындарлы идеясы идеологияға айналып бара жатыр десек те қиыс кетпеспіз. Жаһан жұтшылығы модернизацияға ұмтылып, жаңғырудың жарқын белестерін бағындырып жатқанда біздің де мемлекетіміз шеткері қалмауы тиіс. Ұлт тірлігіне тарихи төңкеріс әкелген бағдарламалық мақаласының астарында көптеге мағына жатқаны мәлім. Ел тірлігін оңтайландыруға, Қазақстанның атақ-абыройын әлем биігіне асқақтатуға, Ұлы дала елінің ұлағаты ұрпақтарын рухани жаңғыруға үгіттеген туындының халыққа берері мол екендігі сөзсіз. Сөз емес, ой тере білсеңіздер болғаны.

 

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov