Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 05. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Ұлтжанды тұлғамен жүздесу өтті

Көктұма ауылының мәдениет үйінде Қазақстанның және Қырғызстанның халық ақыны, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы, дар жол бар және ел арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы, әлем мойындаған ақын М.Шаханов ағамыздың тікелей қатысуымен «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты кездесу өтті.
Қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ұлттық тілдігіміздің шұбарланбай, керісінше саф алтындай сақталып, өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген, қазақтың бір туар азаматы М.Шахановты көзбе-көз көріп, тағылымға толы жырларын оның өз аузынан тыңдау кімге де болса арман.Жақында көктұмалықтардың еншісіне осында бақ бұйырды. Бойынан парасаттылықтың иісі аңқыған Мұхтар ағамыз залға кірген сәттен көрермендер зор құрмет танытып, орындарынан тік тұрып, ұзақ қол соғып, қарсы алды.
Облыс әкімі А. Баталовтың тікелей тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған игілікті шараның шымылдығын аудан әкімі Ә.Жақанбаев ашып: «Мұхтар Шаханов — ұлтының адал ұлы. Қазағының жүрегіндегі бақытын да, қасіретін де еш боямасыз жырлаған ақын. Шындықтың шырақшысы, әділдікті ту ғып ұстаған, батыр да, батыл халық қалаулысы. Елдің де жердің де қорғаны болған аса қымбатты Мұхтар аға, қасиетті, айдынды Алакөл жеріне қош келдіңіз.Күні кеше елімізге күн туып, ер етікпен су кешкен, азаттық үшін күресте — желтоқсанның ызғарлы күндерінде, жастардың қолдаушысына айналдыңыз. Қасиетті Алакөл жеріне басқан қадамыңыз құтты, денсаулығыңыз мықты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныштықта өмір кешсін»,- деп ауданымыздың сыйлы азаматтары мен жергілікті ақындармен бірлесе, облыс әкімі А.Баталовтың демеушілігімен жарық көрген «Мұхтар Шахановтың әндері мен жұрт жатқа айтып жүрген жырлары» атты кітаптың тұсауын кесті.
Жыр айдынында өзіндік қолтаңбасын қалтырып, қасиетті өлеңді жанына серік еткен ардақты ағамыздың бүгінгі бейбіт өмірге қалай қол жеткізіп, қазақ үшін шырылдаған күрескерлік келбеті мен қайраткерлік қарымы туралы әңгіме өрбіткеніне қарап-ақ оның қаншалықты шыншыл, ұлтжанды екендігін көзбен көріп, ойымызға тұйдік.
Келесе кезекте адуынды шайырымыздың жалынды жырларынжаттап, өздеріне өмірлік арқау еткен Д.Серікханқызы, Ш.Төлегенқызы және Т.Көшебаев атты оқушылар ақынның таңдаулы өлеңдерін майын тамыза оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қонақ келсе төрін ұсынып, дәмді, тәттілерін алдына тосатын дана халқымыздыңигідәстүрлерінің жолымен Мұхтар Шахановтың шапан кигізді. АртыншаКөктұма ауылындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ануар Азимханов Қазақстанның даңқын асқақтатқан асыл ағамызға ыстық лебізін жеткізіп, бітімінде мін жоқ, асыл тұқымды сәйгүлік тарту етті. Алакөлдіктерге дән риза болған сан қырлы талант иесі ақжарма тілегін ақтарып, облыс және аудан әкімдеріне алғысын білдірді.
Шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, М.Шахановтың сөзіне жазылған әсем әндер шырқалды.Келген қонақтар мен көрермендер қауымы естелік суреттерге түстіп,көтеріңкі көңіл – күймен тарқасты.
А. ИМАНАСОВА.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov