Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 20. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Көл жағалауындағы көңілді кездесу

Тамыздың он екісінде жыл сайын дәстүрлі түрде халықаралық жастар күні аталып келеді. Осы айтулы мерекеге орай облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен Ақши ауылы, «Alakol resort» демалыс кешенінде жайдарман кеші өтті.

Мереке шымылдығын шипалы көлдің бойында демалуға келген белгілі әнші Айқын Төлепберген екі сағатқа созылған концертімен ашты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған туристер бұндай тосын сыйды күтпегендерін айтып, қуаныштарын жасыра алмады.

Екінші күні «Алакөл алаулары» тақырыбында осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған Республикалық жайдарман ойындары өтіп, онда еліміздің әр аймағынан келген үздік 10 құрама бақ сынады.Көңілді тапқырлар кешін жайдарлы ойынныңел аумағында кең етек жаюына түрткі болып жүрген азамат Е.Елеукен ашып, жүргізді.Әдемі әзіл мен қағытпа қалжыңды жандарына серік еткен жастар үш сағат бойы көрермендерді күлкіге қарық қылып, көңілдерін көтере білді. Елбасымыздың биылғы мақаласында айтылған «Рухани жаңғыруды», қарапайым халықтың хал-ахуалын, саясат тақырыбын да көріністерінде көтере білген командалар жиналғандардың рахметіне де, қолдауына да барынша ие болды.

Әділқазылар алқаларының сапында болған аудан әкімінің орынбасары А.Абдинов, «Жетісу жастар ұйымының конгресі» ЖҚБ-нің төрағасы Ж.Қаратас, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Б.Жақсыкелдинов, блогер Н.Жанай және Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры директорының орынбасары  Ж.Оханов жайдарманшыларға әділ баға беруге тырысты. Сонымен ашық аспан астында өткен күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй кешіндегі төрешілердің шешімімен үшінші орын Алматы қаласынан келген «Том и Джерри» құрамасына бұйырды. Семейлік «Элемент» командасы бір саты жоғары орналасып, екінші орынды қанжығаларына байлады. Ал бас жүлдені елдің езуін жиғызбай, он минуттық көріністері он күндік күлкінің орнын толтырған Жетісай қаласының өнерпаздары, яғни «Сырдария» тобы тақымдарына бекем басты. Ұтқыр ой, астарлы әзіл ұсына білген «Том и Джерри» құрамасының белді ойыншысы Б.Түменбаев «Үздік ойыншы»атанса, «Тәтті құрама» командасының капитаны, жас актер М.Айқынұлы «Фестиваль жаңалығы» атағын еншіледі. Жүлделі орындарға ие болғандарға бағалы сыйлықтар табысталса,  жарыс жеңімпаздары 150 мың теңгені қалталарына басты.

Әзіл-қалжың сайысының соңы алау басындағы әңгімелесуге ұласты. Қазақстан КТК одағының президенті Е.Елеукен жастарға түрлі сұрақтар қойып, отырыстың қызығына қызу қоса түсті.

Жастар – өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа білімді жеңіл меңгеретін мемлекеттің ең белсенді және ұтқырбөлігі.Бүгінде олар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып келеді. Өйткені, алдарында  үлгі алар аға буын өкілдері бар. Болашақта Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өркениет көшінен лайықты орын алуына тың серпін сыйлайтындары хақ.Сондықтан, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Еліміздің болашағы — жастардың қолында»-, деп оларға үлкен сенім артады.  Сол сенімнің ақталуы үшін қазақстандық жастар бар күш-жігерлерін сарп етеді деген үміттеміз.

А.ЕСЕНЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov