Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 03. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Елбасы еңбегі насихатталды

Небәрі 27 жылдың ішінде әлем аренасындағы салмақты рөлді иемденіп, төрт көздің емес, төркіл дүниенің назарын өзіне аударған дербес Қазақстанның әр қадамында Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегі бар. Осы ретте 1  желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай №1 Үшарал орта мектебінде апталық ұйымдастырылды.

Іс-шаралар тізбегінде мәдени, әдеби, өнер және спорттық додалар, кездесулер, дөңгелек үстел мен тренингтер өтіп, мектеп оқушылары түгелдей тартылды.

Атап айтсақ, Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде көтерілген «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Елбасы күніне орай «Рухани жаңғыру – кемел келешектің кепілі» тақырыбында 3Д форматта 1-4 сынып оқушылары арасында қолөнер көрмесі түңлігін түрді. Онда мемлекет басшысының мақаласын насихаттайтын туындылар қойылып, шәкірттер өз өнерлерін насихаттады.

Сондай-ақ 11 сынып жетекшілерінің ұйытқы болуымен «Халқының бақытына туған – Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Сөз алған мектеп директоры С.Құнанбаева жастарды білімді, білікті болуға шақырып, есімі елмен бірге жасайтын Президенттің ерен еңбегінен біраз мағлұмат берсе, 11 сынып оқушысы М.Әділбек «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында баяндамасын оқыды.

Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында воллейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шәкірттер өздерінің бұл салада да еркін сезінетіндерін көрсеті. Доданың қорытындысы бойынша 11 сынып құрамасы үздік атанды.

Білімгерлердің ел тарихы жайындағы түсінігін кеңейту, Елбасы мен тәуелсіздіктің егіз ұғым екендігін көрсету мақсатында мектеп кітапханасында «Елбасы – кемеңгер басшы» тақырыбында кітап көрмесі қойылды.

Сонымен қатар адамның түрлі жағдайдағы көңіл күйін ақ параққа түсіріп, қылқаламмен тартымды дүние тудырған дарынды шәкірттер арасында сурет сайысы да назардан тыс қалмады.

Апталықтың соңы «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты салтанатты жиынмен түйінделді.

Аталмыш кездесудің шымылдығын түрген білім ордасының басшысы С.Құнанбаева ұстаздар мен шәкірттерді атаулы мерекемен құттықтап, мыңжылдықтар төрінен мәңгілікке қарай сапар шеккен Қазақстанның болашағын қалауда аянып қалмауды сұрады.

Артынша мектеп оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарлама назарға ұсынылып, әуезді әндер шырқалды, мың бұралған бишілер де өнерлерімен бөлісті.

А.ЕСЕНБЕКОВА,

№1 Үшарал орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov