Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 06. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Біз үшін үлкен мәртебе 

Мемлекеттің қарқынды дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар. Яғни, олардың білім мен біліктілігі, ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сол себепті мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар секторы. Еңселі еліміздің жарқын болашағын қалыптастырып, дамыған отыз елдің төріне шығу үшін қойылған басты мұратымызға жету жолында өскелең ұрпақтың маңызы зор. Осы ретте Елбасы Н.Назарбаев соңғы Жолдауында биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Енді міне, Елордада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды. Жиында қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп, білім алып жүрген жастар өз жетістіктерімен бөлісті.

Жастар жылының жариялануы еліміздің барлық жалын иелеріне артылған сенім мен үлкен жауапкершілікті білдіреді. «Тәуелсіздік ұрпақтары» форумында Елбасы кезекті тапсырмалар мен міндеттерді айқындап берді. Жастар үшін жағымды жаңалық болған бұл жаңа бастамада бірінші тұрғын үй мәселесін қозғады.

Осы ретте Елбасы: «Бүгінгі таңда жастарға сапалы білім, жұмыс, баспана мен отбасы құруға мүмкіндіктер керек. Ғалымдар келешекте әлем өркениетінің 60%-ы 600 үлкен қалада болатынын айтты. Сол себепті үлкен қалаларға көңіл бөлуіміз керек. Еліміздегі үш үлкен қалада кезекте тұрған жастардың тұрғын үй мәселесі назарға алынуы керек»,-деп атап өтті. Және жұмысшы жастарға арнап үлкен қалаларда жылына кемі 1000 тұрғын үй салуды Президент аппараты мен Үкіметке тапсырды. Тұрғын үйлер жалдамалы баспана негізінде және  «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілетінін ескертті.

«Ұлы мақсат қоймасақ алдымызға, бола алмаймыз ешқашан ұлы халық»,- деп, ақын  Қадыр Мырза Әлі айтып өткендей, еліміздің болашақ бағдарын бағамдаған Елбасының ұлы мұраты мен үмітін ақтау,өркениет жолында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, Ұлы дала елін әлемдік деңгейге көтеру еліміздің жаңа бет-бейнесін қалыптастырушы жастардың қолында.

М.НҰРҚАСЫМОВА.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov