Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 03. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Балалардың бақыты үшін

Ұлы жол үйіміздің табалдырығынан бастау алатынын ескерсек, қасындағы ата-анасынан тәрбиенің уызына жаритын бүлдіршіндердің балғын күндерінің бақытты естеліктерге толы болғаны абзал. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, әке-шешенің әр қылығы, іс-әрекеттері сәбиінің бойына уақыт өте келе дари беретіні сөзсіз. Ал баланың көргенін істеп, естігенін айтатыны жасырын емес.

Осы ретте отбасы, ошақ қасындағы тәрбиенің отын сөндіріп алмаған абзал. Жанұядағы жылы қарым-қатынас пен өзара түсіністік, әкенің анаға деген сыласымдылығы, шешенің шаңырақ иесі алдындағы ізеттілігі айналып келіп баланың болашақ тұлғасын қалыптастыруға негіз болмақ. Ал үйдегі ұрыс-керіс, зорлық-зомбылық, талас-тартыс пен дау-жанжалдың кесірі өскелең ұрпақтың санасын улап, психологиялық соққы берері сөзсіз.

Сондықтан да зорлық-зомбылықсыз, бақытты балалық шақтың іргесін қалап, пешенеге бұйырған перзенттің бойындағы адами қасиеттерін дамыта отырып, кісілік келбетіне кір жұқпауын қадағалау алдымен әке-шешенің иығына артылар жүк.

Несі керек, соңғы кездері, әсіресе жас отбасыларда әйелі мен күйеуінің арасындағы жанжал көп орын алуда. Соның салдарынан жаңа туған нәрестелердің ой-өрісіне кері ықпал әсерін тигізіп, қатігездік сынды түсініктің ірге көрсетуі байқалады. Бұл бергі көрініс екенін аңғарсақ, болашақта ол баланың сол әрекеттерді қоғам арасында да қолдануына әкеліп соғады. Сөйтіп, қылмыс та, бұзақылық та, заң бұзушылық та белең ала бастайды. Демек отбасындағы қарапайым тәрбие біраз дүниенің негізі екендігін байқауымызға болады.

Көп ретте жас жанұялар дәмі кетпеген дәстүрлеріміз бен салт-санамыздан аттап, жаңаша позицияда, өзгеше түсініктегі тәрбиеге жүгінеді. Дамыған заманның даңғаза тірлігіне еліріп, заманауи деп зарлап қалатыны да шындық. Сондықтан талай ұрпақтар сабақтастығының куәгері болған, талай тектілердің тамырына су бүріккен тәлімді тәрбиенің өзегінен ажырамай, саралар салған, даралар басқан ізбен адымдағанымыз жөн.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov