ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ОРТАҚ МІНДЕТ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімінде сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның алдын-алу мақсатында жиын өткізілді. Оған  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Э.Дурманова және орынбасары М.Салиханов мен өзге де қызметкерлер қатысты.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда арасына парақорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша мәліметтер берді.

Сондай-ақ жиын барысында бірнеше сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан өз ойын айтқандар да болды. Негізгі мақсат қазіргі қоғамдағы «жемқорлық» деген індетті жою болғандықтан, қатысушылар ойларында жүрген ұсыныстарын да жеткізе алды.

Аталған жиында сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігі, әлеуметтік желінің, өзге де медиаресурстардың дамуы жағдайында бұл індетке қарсы халық болып көтерілсе, қолымызды мезгілінен кеш сермемей дер кезінде тоқтатуға боатындығы айтылды.

Шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мәселелері бойынша пікір алмасты.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі.

Мәліметпен бөлісу: