Қамысқала ауылдық округі

Қамысқала ауылдық округі

Аталған округ әкімі А.Бүтіншінов өз сөзінде 2018 жылы ақарылған жұмыстар легімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Негізінен округ тұрғындарының тұрмысы көңілге қонымды. Белгіленген жоспарлар да артығымен орындалып, жақсы көрсеткіщтерге қол жеткізген. Басты табыс көзі саналатын балық аулау ісінде межеленген 180 тонна толығымен ауланып, халық та табысқа кенелген.Жұртты толғандырып жүрген мәселердің қатарында жол машақаты мен ауылға дәрігердің керектігі. Осы ретте аудан әкімі Ә.Жақанбаев көктем шығысымен жолдың тиісті аумақтары жөнделіп, су ішінде орналасқан тоқ бағаналары құрғақ жерлерге ауыстырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, алдымен Қазақстан ауылына барып, артынша Үшаралға қатынайтын науқастардың уақытын үнемдеу үшін тікелей аудан орталығына аттанып, сол жерден кедергісіз қаралуға мүмкіндік туғызуды тапсырды. Және де ауылдағы жедел-жәрдем көлігі ескіріп, қазіргі таңда жүруінен бұзылуы көп екендігі сын тезіне алынды. Ал қалған салаларда бірқалыпты жұмыс сарыны байқалады. Оны ауыл тұрғындарының жылы лебізі мен ақ тілектерінен аңғаруға болады.

Ақтүбек ауылдық округі

Округ басшысы Қ.Тұрлыбеков өз баяндамасында өткен жылдың қорытындысымен таныстырып, әр салада атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп шықты. Ауылдағы мектептің жөндеуден өтуі, зәулім мешіттің ашылуы, ауыз суының тартылуы сынды жақсы хабарлар жетерлік. Алайда «Біткен іске сыншы көп» демекші, істелген жұмыстан іріткі іздейтіндердің бар екендігі байқалды. «Мына жері былай, ана жер олай»,- деп, олқылық іздейтін тұрғындар ішінара ұрыс шығаруға да құмар-ақ екен. Жарық мәселесі де көтеріліп, боранды, желді күндері кейбір үйлерге тоқ келмейтіні айтылды. Тиісті мекеме тарапынан жаңа трансорматр әкелінді, адағы уақытта іс өз орнына түспек. Тек, ауыл тұрғындары тоқ желілеріне кедергі келтіретін ағаш бұтақтарн ретінде кесіп, отап отырса болғаны. Бір айта кетерлігі ауыл ақсақалдары осындағы дәрігерлердің тыңғылықты жұмысына ризашылық білдіруде. Себебі, түрлі сынамаларды енді ауылдық амбулатория қабылдап, нәтижесін де сол жерден білуге болады.

Жағатал ауылдық округі

Ауылдық оруг әкімі Б.Бейсенбаевтың айтуынша аталған елді мекен 2018 жылды әдәуір көрсеткіштермен аяқтаған. Әр саладағы жоспар артығымен орындалып, әсіресе ауыл шаруашылығы ның бәсі жоғары болып отыр. Алайда округте көбіне қытай бұршағын себуге байланысты ауыспалы егістік ісі кенжелеп, жер құнарлығы жыл өткен сайын кеміп келеді. Өйткені, диқандардың көбі осы дақылдан түскен қаржыға әуес, бірақ оның салдарына бас қатырып та жатқан жоқ. Тұрғындар тарапынан көтерілген тағы бір мәселе шабындықты төрт түлік таптап, шөп шабу мезгілінде тақыр жерден аз-маз мал азығын алатындары болды. Оған округ шаруаларының жауапкершілксіздігі мен малды сол аймаққа қараусыз жіберулері себеп болып отыр. Осы ретте аудан әкімі Ә.Жақанбаев тиісті шараларды қолға алып, қыстан қалдырмай барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды. Сондай-ақ округ имамы жуырда ғана екі жетім баланың тұрғын үйі өртеніп, қараушыларымен бірге туыс-туғандардың паналап жүргенін жеткізді. Өңір басшысы бұл істі тез арада шешіп, баспанамен қамтамасыз ету ісін шешетінін жеткізді.

Үш округтің тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі округ басшыларына тиісті міндет-мақсаттарды жүктеп, ағымдағы жылы осы олқылықтар қайталанбау керектігін баса айтты. Сонымен қатар Алакөлдің 2018 жылы бағындырған белестері мен жеткен жетістіктерінен хабардар етіп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: