Польшада қазақстандық жастар орталығы ашылды

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен Свече қаласы (Польша) Лингвистикалық-технологиялық университетінде«Абай» мәдени-білім беру жастар орталығын ашты.

— Жастарға арналған орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жарияланған Жастар жылына тұспа-тұс келгені айрықша оқиға, — деп, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген өзінің  құттықтау сөзін бастады. – Атап айтарым, ұлы Абайдың есімі орталықтың атауына берілгеннің өзі маңызды. Абай – қазақстандық мәдениеттің құнды символдарының бірі. Ал шығыс қазақстандықтар үшін ақын туған жері бір, кемеңгер ғалым болып табылады. Оған қоса, біздің университетте Абайтанудың бай дәстүрі мен Қазақстанға танымал ғалым Айжан Қартаеваның ғылыми мектебі бар. Біздің оқу орнында Абай ақынның ойларына арналған абайтану бойынша конференциялар ұйымдастырылады, монографиялар мен ғылыми мақалалар жарияланды, диплом мен магистрлік жұмыстар жазылуда. Бұл дегеніңіз, біздің ғалымдар мен білімгерлердің Абай мен оның шығармашылығы, дүниетанымы туралы айтатыны көп деуге болады.

Жаңа орталық мәдениеттермен, білім беру бағдарламалары мен халықаралық ғылыми жобалармен алмасу үшін интерактивті алаңға айналады, академиялық ұтқырлықты дамытуға және Қазақстан мен Польшаның жоғары оқу орындарының арасында қос дипломды білім беруге ықпал ететін болады.

Орталықтың ашылуына байланысты екі жақ тарапынан көптеген жұмыстар атқарылды. Польша тарапы жеке ғимарат ұсынды, ал оны көркемдеу бойынша қазақстандық тараптан Қазақстан туралы поляк, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде кітаптар, сонымен қатар мәдени артефактілер берілді.

Шығыс қазақстандық делегация атынан Лингвистикалық-технологиялық университетінесый ретінде мәдени құндылыққа ие мүсінші Дәурен Дошанов орындаған«Абай» мүсіні мен суретші Әлібек Шоқановтың «Абай» суреті берілді. Ал Лингвистикалық-технологиялық университет ректоры Эльжбетте Штернальға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген Абай атындағы медальды табыс етті.

Орталықтың ашылуы күні Өскемен қаласында Польша мемлекетімен онлайн режимде «Мәдениеттер диалогындағы университеттердің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Екі елдің жоғары оқу орындары ынтымақтастығының келесі қадамы ретінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Коперник» ғылыми-білім беру орталығының ашылуы болып табылады.

Мәліметпен бөлісу: