Төрт түлік жіті назарда

Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі алдыңғы қатарда. Табиғат жағдайына тікелей тәуелді бұл саланың маңызы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету.Аудан аумағында ауыл шаруашылығы  саласы бойынша көлемді жұмыстар атқарылып, жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.Төрт түлік саны еселенген. Мал қыстату науқаны қалыпты жағдайда.

Аудан экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жалпы өндірілген өнімнің көлемі107,5 пайызды құраған.Мал тұқымын асылдандыру, селекциялық жұмыстардың жоспарлы орындалуы нәтижесінде асыл тұқымды мал үлесі жыл санап өсуде. Ауданда «Архарлы – Майбүйрек» ЖШС-інде Австралиядан әкелінген «Ангус», «Герефорд» асыл тұқымды ірі қара малы 17 мыңнан асқан.

Өңірімздегі шаруа қожалықтары «Әулиекөл», «Қалмақ», «Ақбас», «Герефорд» сынды етті бағыттағы ірі қара малы тұқымдарын өсіруімен айналысып, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруда.

Селекциялық асылдандыру жұмыстары бойынша аналық ірі қара малына асыл тұқымды «Ангус» тұқымының бұқасын, ал ұсақ малға «Гемшир» асыл тұқымды қошқарын қосқан.2018 жылы «Қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 170 млн.теңгеге «Сельский механизатор», «Даурен», «Байқадамова», «Сасанов» шаруашылықтарына Ресей мемлекетінен 268 бас «Қалмақ» асыл тұқымды ірі қара малы сатып алған. Төлдің өмір сүру ұзақтығы мен әртүрлі табиғат жағдайына тез бейімделу қабілеті шаруаларға өте қолайлы.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауданымызда 1350 басқа арналған 3 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді. Осы бағытта 2020 жылы «Құмар», «Ақбота» шаруа қожалықтарында 1200 басқа арналған тауарлы –сүт фермасын ашу жоспарлауда.

Биыл «Алакөл асыл жылқысы»  серіктестігінің 10 мың басқа арналған жылқы фермасының құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылады. Нәтижесінде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болса, осы жылдың бірінші тоқсанында 40 жаңа жұмыс орнынан қамтитын Көлбай ауылдық округінде орналасқан «Қайыңды» серіктестігінде мал соятын кәсіпорын ашылмақ.

Айдынды өңірімізде мал қыстату мен көктемгі мал төлдету науқанына жалпы 260 мың тонна жеп-шөп дайындалды, оның ішінде 206,9 мың тонна ірі сабақты шөп, 20,5 мың тонна пішендеме, 14,2 мың тонна сүрлем мен 18,4 құрама жем әзірленген. Бұл қысты қиындықсыз еңсеруге толықтай жетіп отыр.

Ауданымыздың экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығының өнімдерін молайту және мал шаруашылығын дамыту, оның сапасын арттыруөңіріміздің басты міндеті.

Ұ.АРЫМБЕКОВА,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Журналистика мамандығының 4-курс студенті.

Мәліметпен бөлісу: