Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Уақыт және біз

Уақыт алтыннан да қымбат. Адам өміріндегі өлшеусіз байлық та осы – уақыт. Оны кері қарай жүрмейді. Осы пәлсапа әр минутты бағалауға жетелейді. 

Қазір еліміздегі білім беру саласына келген өзгерістің бәрі үдеріске ену үшін айлар, жылдар керек. Біздің ұжым мұғалімнің мәртебесінің барынша өсуін қарастырып отырған осы сәтте ұстаздың өлшеусіз еңбегін қалай жеңілдетуге болады деген мәселемен жұмыс жасауда. Себебі өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялай білген ұстаздар педогогтар мектептегі жұмыс күні біткен соң, өзімен бірге үйіне тексеруге дәптер, жазуға тағы біраз дүниелер ала кететіні және шаңырағындағықарбалас тірлігінен қолы босамай сол қағаздарын қайта көтере келетіні жасырын емес.Кейде олардыңкәсіби біліктілігін арттыратын, жүктемесі бойынша сабақ беретін, түрлі кәсіби байқауларға қатысатын, сыныбымен жұмыс жасайтын, сыныптан тыс іс-шаралар өткізетін  тағысын тағы  ұстаздық қызметінің шегі мен шеті жоқ болып кетердей көрінеді.

Осы бір көріністен шығудың жолын іздеген ұжым мектепке циклограмманы енгізуді жөн көрді. Дүйсенбі — бірлесе жоспарлау күні, өзара сабаққа қатысу күні, сейсенбі — кітап оқу күні,өзара сабаққа қатысу күні, сәрсенбі — ашық сабақ өткізу күні, бейсенбі — кері байланыс беру күні, жұма — рефлексия және қайта жоспарлау күні,сенбі — білім жетілдіру күні болып белгіленді.Циклограмманың сигналды түстері және қамту объектісі жасалып, сары түске мектеп жұмыстары,  сабақ кестесі, үйірме кестесі, қолданбалы курс, факультатив, педагогикалық кеңес,кіші педагогикалық кеңес,директор жанындағы кеңес, апталық жоспарлау,кері байланыс,рефлексия енді. Көк түс әдістемелік қызметке арналып оған апталықтар, декадалар,интеллектуалды іс-шаралар,коучингтер,тренингтер,әдістемелік отырыстар,бірлестік отырыстары,ашық сабақтар,дарынды баламен жұмыс,үлгерімі төмен оқушымен жұмыс,тренерлік және тәлімгерлік жұмыстар топтастырылды. Жасыл түсті тәрбие саласы еншіледі де, объектісіне тәрбие сағаттары,сыныптан тыс іс-шаралар,мерекелер,ата-аналар жиналысы енді. Қызыл түс мектеп ішіндегі көшбасшылық жұмыстар мен қоғамдық жұмыстарға арналды. Күлгін түс мектептегі 7 сабақты зерттеу топтарының жұмысына арналды.

Енді әр мұғалімнің әдістемелік бөлмеде меншікті апталық жоспарын ілетін орны бар. Олардың жұмысы бүге-шүгесіне дейін жоспарланған. Сабаққа дайындалатын, құжаттарымен жұмыс істейтін, дәптер тексеретін, өз білімін жетілдіретін, тәлімгері мен тренерінен сабақ алатын, сабағын өткізетін, бірлесіп сабақ жоспарлайтын, тәжірибе жинақтайтын, ашық сабаққа қатысу мен беру, осыншама апталық жұмысына кері байланыс алатын және өз қызметіне рефлексия жасайтын уақыты нақты жоспарланған. Бұл жоба. Десе де, мектеп басшысы ретінде менің де, ұжыммның да осы жобаның қуатты жұмыс істейтініненүмітіміз зор. Кез келген жобаның «өмір сүруі» өзімізге байланысты екенін де сезінеміз.

С.САДИЕВА,

М.Төлебаев атындағы орта мектептің директоры.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov