Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 12. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Анаға құрмет – асыл міндет

Күн арқаны қыздырып, топырақ бетінің көбігі шығар мезгіл. Жылы қоныс іздей кеткен құстардың туған жеріне оралатын кезеңі. Төрт түлік төлдеп, абыр-сабыр тірліктің қазаны қайнаған мезет. Ақ мамықтың астында мүлгіген жер-анамыз жаңаша тыныс алып, төңірекке мамыражай тірлік сыйлаған көктемнің алғашқы күндерімен таласа Халықаралық әйелдер мерекесі де келді. Құрсақтарына құт дарыған аналарымыз бен әр әжіміне өнеге тұнған әз әжелеріміздің төл мейрамы дүние жаратылысының мәйегін ұстаған асыл жандардың құрметін еселеп тұратыны жасырын емес.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық орталық аурухана басшылығының ұйытқы болуымен нәзік жанды дәрігерлердің басын қосқан мерекелік жиын өтті.

Сөз алған аудандық орталық аурухананың директоры А.Бутабаев: «Шежіреде аттары қалмағанымен, шежіредегілерді құт ұйыған құрсағында тоғыз ай көтеріп, қалған ғұмырында жүрек қағысының әр лүпілінде сақтайтын, тал бесіктен  тәрбиенің уызына жарытар, қасиетінің алдында мәңгілік мұз жамылған Хантәңірінің де қары сөгілетін, ұлдарын ұлықты, қыздарын қылықты қылып құндақтап жеткізген аналарымыз бен әжелеріміздің, одан қала бере көркіне көзің сүрінер қазақтың кербез аруларының төрге озған төл мерекесі ең таңғажайып мейрам екені сөзсіз»,- дей келе, осы мекемеде талай уақыттан бері тыңғылықты еңбегімен көзге түскен қызметкеткерлерді марапаттап кетті.

Атап айтсақ, аурухананың 10 қызметкері Мақтау қағазын, 35 қызметкер еселі еңбектері үшін арнайы сыйлықтарды иемденді. Сондай-ақ  зейнетке шыққан екі қызметкерді жекелей атап, барынша сый-құрмет көрсетті.

Артынша аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама назарға ұсынылып, арулар әуезді әннің құшағына енді.

Н.ЮСУПБАЕВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov