Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 06. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алтын құрсақты ананы құттықтап қайтты

Жылдың ең керемет мезгілі саналатын көктемнің жайма-шуақ күндерімен таласа келген Халықаралық әйелдер мейрамының жылдың дәл осы мерзімемен тұспа-тұс түсуінің өзіндік себептері де бар. Жер ананың қыстай жамылған құрсауы сөгіліп, бар әлем жаңаша тірлік кешсе, алтын құрсақты аналарымыз да жаңа өмірдің дүние есігін ашуына ұйытқы болмақ. Жұмақтың кілті табандарының астына түскен асыл жандар бір қолымен баласы бөленген бесігін, екіншісімен күллі әлемді тербетіп, төңірегіне тыныштық атаулыны ұйытып отыратыны жасырын емес. Оларға барлық мадақ, мақтаулар да аздық етері сөзсіз.

Анаға деген құрметтің өлшемі немесе құны жоқтығы мәлім. Себебі сәбиі үшін ажалмен де арпалысуға әзір тұратын олардың қайсарлығы мен жанқиярлығы ешқандай байлыққа бергісіз.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ө.Қойшыманов пен аталған соғыстың ардагері, аудандық мәслихаттың депутаты С.Қарабеков  он баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана, жиырма төрт немере, отыз екі шөбере, бір шөпшек қрбітіп отырған әз әже, сексен сегіз жастағы кейуана Жақанбаева Жамалхан Темірбекқызын төл мерекесімен құттықтап, арнайы дайындалған сыйлықтарын табыстады. Барша ардагерлер атынан жүрекжарды тілектерін арнап, 100 жастық мерейтойында жүздесуге жазсын деген ниеттерін білдірді.

Аудандық Ауған соғысы ардагелері кеңесінің төрағасы Ө.Қойшымановмайдан даласында жүрсе де анаға деген махаббат пен сағыныш талай сұрапылдың ішінен аман алып шыққанын жеткізсе, ардагер С.Қарабеков дүние жаратылысының мәйегін ұстаған аналардың қоғамдығы әрі перзент үшін орнын айтып, кейуананың төсіне «Ана шапағаты» төсбелгісін тақты.

Мұндай тосын сыйдан көзіне жас алған Жамалхан Темірбекқызы біраз тосылып қалғаны да бар. Екі минуттық үнсіздіктен кейінқұттықтап келушілерге ақ батасын беріп, ақжарма тілегін ақтарды.

88-ге келсе де балам, немерем, шөберем деп отырған кейуананының махаббатты көпке үлгі. Кеудесіне тағылған марапат соның бір өтеуі болмақ.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov