Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

«Гүлсанат» би тобының есептік концерті

Би – өнердің көнеден келе жатқан бай бір түрі, қызықты, сан қырлы, жарқын, эмоциялық әсерге толы жанр. Сән мен уақыт ағымы халықтың тарихын бойына сіңірген  халық биіне әсер ете алмады, оны жер бетінен жойып та жібере алмады. Әр халық, әр ұрпақ өз ата-бабаларын ұмытпауға тырысып, олардың өмірінен көрініс беретін әр өнер түрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тырысады. Ал, би болса ол өмірдің ерекшелігін, санқырлылығын ашып беруге жәрдемдеседі. 

Жақында халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс-салтымен біте қайнасып келе жатқан, ел мұрасы болып табылатын би өнерін дәріптеп жүрген сұлулық пен бекзаттығымен ерекшеленетін «Гүлсанат» би студиясы есептік концерті өтті. 

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз Наурыз тойы қарсаңында ауданымыздағы мәдениет үйіндегі мерекелік кешке ақын, сазгер, «Платиналық тарлан» сыйлығының лауреаты Исраиыл Сапарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәли, ҚР мәдениет қайраткері Болат Әшірбаев, «Таймас» баспасының редакторы Ерсінбай Манашев, эстрада жұлдыздары мен халық тамашалауға келген. Мерекелік кештін жүргізушілері «Шалқар» радиосының жүргізушісі Гүлмира Нәлібай мен «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Берік Көшербекұлы болды.

 Концертің шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова жиналғандардың барлығына жылы лебізін білдіріп, өнер мектебінің түлектері мен ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға, жас ұрпақты би өреніне тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Гүлсанат» би студиясының көркемдік жетекшісі Ләззат Садуақасоваға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің атынан Алғыс хат пен гүл шоғын табыстады. Сонымен қатар, Байғали Есенәли пен Болат Әшірбаев та «Гүлсанат» би тобына тамаша кешті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, толағай табыс тіледі.

Мерекелік кеш халық билерімен басталды. Көздің жауын алатын сәнді ұлттық нақыштағы костюмдер, әдемі би қимылы, әр элементке баса назар аударып, шеберлікпен орындау биді түрлендіріп, көрермендерін баурап алды. Бір-бірінен өткен әр би нөмірі кеш қонақтарының таңдайын қақтырып, ерекше әсер етті. Сонымен қатар, концерт барысында Жанар Айжанова, Алмат Сақатов, Раман Майғазиев, Ермек Мұқатай, «Жебе», «J&S», «Үшқоңыр» топтары сияқты әншілер мен топтар кешке арнайы келіп, өнерлерін көрсетті.

Концерттің соңында дәстүрлі гүл шоғын тапсыруға кезек берілді. Мұнан кейін сахнаға «Гүлсанат» би тобының көркемдік жетекшісі Ләззат Садуақасова мен барлық қатысушылар шығып, Болат Әшірбаевтың осы топқа арнайы жазып берген гимін орындады.Көрермендер өнеріне тәнті ансамбльдің концертінен жақсы көңіл-күймен, оң эмоциямен қайтты.

Лық тола залды жинаған  ансамбльдің есептік концерті  жақсы атмосферада, жоғары деңгейде өтті. Концертке жиналған қауым бишілердің шыңдалған шеберлігінің куәсі болды,  ұлттық билер мен жалынды  әуен-саз, әдемі өрнектелген ұлттық костюмдер көпшіліктің көңілінен шықты.

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov