Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы өткізіледі.
Биылғы жылы аталған байқау 2019 жылдың 5 сәуірінен басталды.
Конкурсқа мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы өңірлік комуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз–мәслихаты барысында баяндады.
Байқау екі негізгі кезеңнен тұрады:
І кезең – облыстық деңгейдегі конкурс,
ІІ кезең – республикалық конкурстық комиссия өткізетін республикалық деңгейдегі конкурс.
«Аталған байқау биыл үшінші рет өткізіліп отыр, бірақ өкінішке орай, біздің облыстың мемлекеттік қызметшілері алдыңғы жылдары конкурстың финалына өтпеді, алайда биыл олар белсендірек болады деген үміттеміз»,-деді С.Нұрғисаев.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жан-жақты дамып, бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал ету мақсатында Департамент пен облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, 23 маусым мемлекеттік қызметші күніне орай, облысымызда бірқатар шаралар легін өткізуді жоспарлап отыр. Олар: «Head Play» зияткерлік ойыны, Жайдарман «Жақсыға жақсы жарасар», полиглот, грэпплинг ги күресі, пейтбол, бампербол, волейбол, «Әкем, анам және мен шынығамыз спортпен» ойындары.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау 23 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелігісмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Балжан Жұманбекова