Кербұлақ ауданының кәсіпкерлеріекі айда 8 бірдей көпбалалы отбасыға үйсыйлаған

Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуі де жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды,  екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр.

Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан «Сарыбұлақ» шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмел іүйді сатып әперген.

«Осы күнгедейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы  пәтерде тұрдым. Екі балам оқуоқиды,  5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенін шетырмысып, балаларымды жеткізіпкелемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз »,-дейді көпбалалы батыр ана көзіне жас алып.

Соныменқатар,  Алтынемел  ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің  бас директоры Халық  Оңғарұлы,  Сембай Гүлсанат есімді жалғыз басты ананы үшбөлмелі кең үйге кіргізді.

« 6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте оқиды. Туған туыстың және осындай зиялы азаматтардың арқасында күнімізді көріп жүрміз» , — деді жас ана.

Айта кету керек, ауданда наурыз айында бастау алған қайырымды шара осымен 8 бірдей отбасыны баспаналы қылды. Бұл шара әлі де жалғасын таба бермек дейді аудан белсенділері.

Мәліметпен бөлісу: