Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 24. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алакөл жағалауы бекітілді

Биыл айдынды Алакөлдің Ақши және Көктұма ауылына қарасты жағалауы бекітіледі. Соынмен қатар Талдықорған – Өскемен бағытындағы күрежолдың құрылысы қарқын алмақ. Өңірде жүзеге асатын ауқымды жобалармен ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИН танысты.

Алакөлдің асау толқыны жыл сайын жағалаудың жарқабақтарын  опырып, Ақши мен Көктұмаға жақындай түсетін. Осылайша қос елді мекеннің көлге жақын үйлеріне қауіп төндіретін еді. Биылдан бастап тұрғындардың еш аллаңдамай өмір сүрулеріне болады. Аймақта 13 шақырымдық жағалауды бекіту жұмыстары басталмақ. Оған мемлекет қазынасынан 8,3 млрд. теңге  қарастырылып отыр. Еліміздің Премьер-Министрі заманауи үлгіде салынатын нысан орнында болды. 2,5 мыңнан аса адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тоспаның жоба, жоспарымен танысты.

Ауданда жағалауды бекіту жұмыстарымен қатар туризді дамыту ісі де қолға алынған. Соңғы 5 жылда көл жағалауында екі жүзге жуық инвестициялық жоба жүзеге асып, демалыс орындары ашылды. ҚР  Премьер-Министрі Асқар Мамин 450  орындық «QOQTEM GRAND RESORT» заманауи қонақүй кешенінде  болып, тынығушыларға жасалған жағдайды көрді.

Облыстағы туризмді дамыту жоспары Асқар Маминнің назарына ұсынылды. Жүзеге асырылған жұмыстар да кеңінен баяндалды. Осыған дейін Ақшиде вокзал салынып, теміржол қатынасы жандандырылғаны айтылды. Польшадан ұшақтар алынып, қосымша әуе рейстері ашылғанына да жіті мән берілді. Алдағы уақытта Үшарал әуежайының ұшып-қону алаңын жасап, үлкен ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік берілмек. Сонымен қатар, өңірде Алматы-Өскемен бағытындағы  355 шақырымдық  автомагистраль құрылысы да жүріп жатыр. Ескелді, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының аумағымен өтетін жолға 127 млрд.  теңгеден астам қаржы бөлінген. Үшаралдан Достыққа дейінгі аралықта күрделі жөндеуден өтеді.

Өткен жылы Алакөлдің оңтүстік жағалауында 1 миллионнан аса адам келіп, шипалы суға шомылған. Биыл келушілер саны артып, 1 млн. 300 мың турист шипалы көл суына шомылып, тынығып қайтады деген болжам бар.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov