Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Бас жүлдемен оралды

Жуырда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы алғаш рет жоғары сынып оқушылары арасында «Ұстаз болғым келеді…» шығармалар байқауын ұйымдастырды. 

Шараның іріктеу кезеңі мектепшілік, аудандық және қалалық деңгейде өтіп, 89 үміткердің 21-і облыстық кезеңге жолдама алды. Екі айға созылған байқаудың қорытынды кезеңінде «Білімді ел» республикалық газетінің бас редакторы Л.Түркістанова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Башбаев, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік басқармасының басшысы А.Қабдұлова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы А.Рахимова, «Өлке тынысы» ЖШС-нің басшысы М.Жанәділов, №20 мектеп-лицейінің мұғалімі Ә.Әмірова және облыстық ұйымның төрағасы С.Әбдіқадыров төрағалық жасап, жүзден жүйрікті анықтады. 

Қорытынды кеште кәсіподақ өкілдері мен сала ардагерлері оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін арнады.  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы А.Маратқызы байқау шартына сай жазылған шығармалардың мазмұнына, оқушының сауаттылығына, ойының ұшқырлығына қарай баға беріп, шын жүйрікті анықтауға атсалысқандарын айтып өтті. 

Байқауға Алакөл ауданы атынан үш оқушы қатысып, бас жүлдені Жыланды орта мектеп лицейінің 11-сынып оқушысы Ұ.Базарбаев (мұғалімі Ғ.Жанахметова) жеңіп алды.

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне ұстаз мамандығы бойынша оқуға түскен жағдайда шәкіртақы тағайындау туралы сертификатымен марапаттап,  ақшалай сыйлық табыстады.

Жүлдегерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталып, байқау шағын концертпен жалғасын тапты.

К.АЛПЫСБАЕВ,

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov