«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес«Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекітутуралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №138 бұйрығы негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізілу 2017жылдың 7 наурызындағы №57 бұйрығымен орындалады.
Алакөл филиалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаныэлектрондық және қағаз түрінде беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы яғни, жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін,жасын, отбасыныңқұрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын,ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін,жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, қарулы күштер мен әскери бөлімдер, экологиялықапат аймақтарында тұрғанын, басбостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері,құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы архив анықтамасы немесе құжаттың болмауы туралы жауап,архивтік құжаттардан куәландырылған көшірмелер мен үзінділер беріледі.
2018жылғы тамыздың 5-інен бастап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны электрондық яғниwww.egov.kz«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы халыққақызмет көрсету орталығындажүзеге асырылады. Архив халықтан тікелей арыз қабылдамайды,архивтік сұраныстарға анықтамалар тек қана халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі.
Г.ЖАМАНКУЛОВА,
«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алакөл филиалының архивисі.