Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 21. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Үш тілдің тізгінін ұстағандар

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Тілдарын» олимпиадасы өтті. Шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мақсат-міндеттерді іске асыру, «Туған жер» бағдарламасын жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналдыру, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген азаматтарды анықтау және қолдау болып табылады.

Білім додасының ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Жексембаева үштұғырлы тілдің маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысының алдыға қойған міндетін іске асыруға бір адамдай атсалысуымыз керектігін тілге тиек етті.

Олимпиадағақазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: алғашқы асудан өту үшін үміткерлер берілген 5 тақырыптың біреуіне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде эссе жазды. «Көп білгеннің өрісі кең» кезеңінде қатысушылар арнайы қоржынға салынған заттардың біреуін алып, оны 3 тілде қалай атайтынын айтып, оған жарнама жасады. Ал,«Тіл-буынсыз, ой-түпсіз» кезеңінде үлестірме қағаздардағы тапсырманы дауыстап оқып, мәтінді сол арада екі тілге қолма қол аударып, өздерінің білімділіктерін көрсетті.

Шараның әділ өтуін бақылап, төрелік еткен қазылар алқасының шешімімен Үшарал қалалық № 1 орта мектебінің ұстазы Меруерт Смайлханова І орынға ие болса, Бұлақты және Ақтүбек орта мектептерінің мұғалімдері АлтынайҚайрат пен Меруерт Нұрболатова ІІ және ІІІ орындарды жеңіп алды. Өзге қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

Елбасы Н.Назарбаев: “ Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі”,- деген болатын. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған бұл реформа ұстаз қауымынан да үлкен жауапкершілікті талап етуде. Себебі, болашақтың кілті қазір мектеп партасында отырған өрендердің қолында, ал олардың білімі мен тәрбиесі мұғалімнің берген өнегесі мен меңгерткен іліміне байланысты.Олай болса, үш тұғырлы тілдің тізгінін ұстап, келешек ұрпақты бәсекеге қабілетті, жаңашыл тұлға етіп шығару жолында тер төгіп жүрген жас ұстаздарға сәттілік тілейміз.

Г.Асенова.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov