Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 09. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алматы облысыАрыс қаласындағы жекеменшік үйлердің қалпына келуіне атсалысуда

Жетісулықтар Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

БАҚ өкілдері алдында сөз алған облыс әкімі:

«Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және республикалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер бөлінді. Бізге №15 учаске берілді. Ол, ауданда: 29 көше, 9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Соның ішінде 157 жекеменшік тұрғын үйді қалпына келтіру жұмысы біздің аймақтың еншісінде. Бұл үшін қазір біз жергілікті қазынадан 1 млрд. теңге бөліп, нақты жұмыс жоспарын жасап, құрылыс ауқымын анықтаудамыз. Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы құрылған жұмыс тобы жүр. Ал, құрылысты салуға бірнеше танымал серіктестік жұмылдырылмақ. Жұмыс бір айдың ішінде бітуі тиіс»,-деді.

Сонымен қатар, Арыс қаласының 150 мектеп оқушысына бір ай бойы жер жәннаты Жетісуда тегін демалып қайтуына бар жағдай жасалатын болады. Балалар шілденің 10 жұлдызынан бастап  Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласында орналасқан «Тау Жанашар» және «Күншуақ» лагерлерінде тынығып, қуаттанатын болады. Бұл іске бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді.

Балдырғандардың демалысын қамтамасыз ету барысында арнайы бағдарлама құрастырылып, балаларды моралді-психологиялық қалпына келтіру мәселесі де қамтылған.

Айта кету керек, облыста 53 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылған. Қайырымды іске мемлекеттік қызметкерлермен қатар, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдар және облыстың қарапайым тұрғындары да ат салысуда. Соның нәтижесінде арыстық ағайындарға жалпы құны 60 млн. теңгеден асатын 10 автокөлікпен  азық-түлік, киім-кешектер мен  түрлі құрылыс заттары жеткізіліп, табыс етілген болатын. Бұл көмек әлі де жалғасын таба бермек.

Балжан Жұманбекова,

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov