Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 03. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алакөлге онлайн саяхат

Түрлі дертке дауа, сырқатқа ем болған Алакөлдің шипалық қасиеттерін облысымыз ғана емес, күллі республика, тіпті әлем халықтары да біледі. Тарих қойнауына сүңгісек бұнда Қабанбай жасағы жарақаттарынан сауығып, көл бойында апталап жатса, аспан кеңістігін бағындырған ғарышкерлеріміз де осы жерде ем-дом қабылдаған.

Енді міне, жаңа заманда толқыны тулаған көлге турстер миллиондап ағылуда. Бұл бір жағынан өңір басшылығының осы салаға жіті назар аударуы мен демалыс орындары мен қызмет көрсету сапасының едәуір өскендігін білдіреді.

Бірақ «Барымен базар» деп отырудың қажеті шамалы. Осы ретте облстық ішкі саясат басқармасы тарапынан Алакөлге меймандар тарту мақсатында белгілі блогерлер мен журналистерді көл бойына жиып, «Alakol Open Air» танымдық семинарын өткізді.

Аталған жиынға облыстық, республикалық телеарналар мен газеттердің өкілдері, жүз мыңдаған оқырмандары бар танымал блогерлер қатысты.

Екі күнге созылған семинар барысында Ақши ауылының аумағы араланып, ең көрнекті демалыс орындары тамашаланды. Сонымен қатар жазушы, блогер, кәсіпкер Ержан Рашев, видеограв, блогер Қыран Талапбек, журналист, блогер, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков жиналғандарға аранйы тренинг жүргізді.

Блогер Е.Рашев өз сөзінде әлеуметтік желілерде оқырман жинау, оларды қызықтыра білу және жариялымдарды бірізділікке салмай, үнемі өзгерістер ендігізіп, жетіліп отыру керектігін жеткізді. Және де өзінің алғаш жарық көрген кітабының шығу тарихына тоқталып өтті.

«Kyran Films» орталығының негізін қалаушы Қ.Талапбек өз ісін бастағысы келетін азаматтар алдымен не істеу керектігін және алда жолыққан кедергілерден мойымай, керісінше жоғары көтеріле берудің тиімді жолдарын тілге тиек етті.

Журналист, блогер Б.Әлібеков мақала жазуда ең алдымен тақырыбына, артынша мазмұнына мін беруді және пиар мен жарнама жасаудағы қателіктер мен артықшылықтарды жіпке тізіп шықты.

Жиын барысында журналистер тарпынан да көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov