Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы.

Тіл — ұлт рухы. Оның аясын кеңейтіп, әрі қарай дамытудың басты шарттарының бірі – тіл тазалығын сақтау.

Бұл мәселе өте маңызды болғандықтан балабақшадан, мектептен бастап, тіпті жоғары оқу орындарында аталған іске мән беру мәселесін қаперге салып, назарда ұстап жүрсек, өз нәтижесін берері сөзсіз.

Осыған орай аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандарындағы және қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2019 жылдың маусым-тамыз аралығында аудан көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық» акциясын өткізді.

Акция аясында:

  •  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын халыққа түсіндіру;
  • деректемелер мен көрнекі ақпарат құралдарының тіл нормаларына сәйкес рәсімделуін анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен рейдтік зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру б.т. қолға алынды.

Қорытындысына тоқталсақ, жүргізілген рейдтер 15, тексерілген нысандар 95, анықталған кемшіліктер 47, түзетілгендері 37, БАҚ-та жарияланған мақалалар 4, әлеуметтік желідегі материалдар саны 16.

«Ана тілі ұлттың бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры»- деп Б.Момышұлы атап өткендей, тілдің тазалығын қадағалау бүгінімізден қарағанда болашағымызға көп әсерін тигізбек.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жүргізген зерделей жұмыстарының нәтижесінде Алакөл базарындағы  сауда орындары, «Фея Пери», «Асыл» сұлулық салондары, «Көктем» сауда орталығында анықталған кемшіліктерін қолма-қол немесе белгіленген уақытта жойды.

Алайда, Үшарал қаласының орталығында орналасқан 2 жеке нысан иелеріне және Ұлытау кафесіне бірнеше мәрте ескерту жасалғанымен ешқандай нәтиже шығармады. Сондықтан келесі кезекте қолданыстағы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңына сәйкес айыппұл салынатын болады.

Қорытындылай келсек, қазақ тілі – азат тіл болуы үшін, оның тазалығы сақталуы үшін біз әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз керек. Бұған қазақтың әрбір саналы азаматы өзін жауапты сезінуі керек. Тіл деген бір адамға, бір мекемеге, я болмаса, бір бөлімге берілген нәрсе емес. Бұл бар қазақтың баласына ата-бабасынан аманат ретінде жеткен ұлы желі.

Осыны әрбір адам сезінетін кез келді. Ауданымыздың барлық тұрғындарын қай жағынан алып қарасақ та, уақыттың талабына жауап бере алатын қазақтың құнарлы да, шұрайлы тілін өзінің лайықты орнына қондыруға, бірге атсалысуға шақырамын. Сіз болып, біз болып, бәріміз бірлесе отырып, өзгелерге өз тіліміздің ұлылығын дәлелдей білейік.

Г.ЖЕКСЕМБАЕВА,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov