Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 10. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Керуен көші Достықта

Елбасымыз Н.Назарбаевтың болашағымыздың бағытын айқындап, ұлт тірлігіне тарихи төңкеріс әкелген бағдарламалық мақаласының аясында облыстық дін істері басқармасының ұйытқы болуымен Тәңірдің рақымы жауған жер жәннаты Жетісу өлкесін аралау мақсатында «Рухани керуен» жолға шыққан болатын. Әр саланың жілігін шағып, майын ішкен майталман мамандардан құралған топ жерұйық атанған жомарт даласы бар айдынды Алакөлге де ат басын тіреді.

Керуен көші бұл жолы шекара шебінде орналасқан Достық ауылдық округіне арайы барып, шеткері жатқан елді мекеннің жұртымен жолығып қайтты.

Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі – діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу баршамыздың азаматтық борышымыз саналады.

Осы ретте рухани құндылықтарды дәріптей отырып, әрбір қазақстандықтың рухани санасын жаңғырту, туған жерге деген сүйіспеншілігімен патриоттық сезімін арттыру мақсатында болуымен ұйымдастырылып отырған «Рухани керуен» жобасының үшінші кезеңі өз жалғасын табуда.

Қазақстан  халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және деструктивті діни ағымдарға қарсы имммунитет қалыптастыруды көздеген игі жобаның шымылдығы өткен екі кезеңде атқарылған істер пысықталған бейнероликпен ашылды.

Сөз алған Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Әлі «Рухани керуен» сапары қалай және қандай бағытта өтетінін баяндады.

Имамдардың білімін жетілдіру институтының оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Б.Бейсенов және облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Ж.Жайлаубаев рухани құндылық, діни сауаттылық және ұлттық болмыс хақында сөз қозғады.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дінтану мамандығы бойынша гуманитарлы ғылымдарының магистрі С.Сапарғали адам ойындағы ең қуатты сезім «Сенім мен иман» жайында ой толғады.

Артынша әуезді әндер айтылып, күмбірлі күйлер тартылып, «Рухани керуеннің» сапарына сәттілік тіленді.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov