Құрмет көрсетті

Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі, өңіріміздің Құрметті азаматы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, қоғам белсендісі Ұлжалғас Бурасанқызы жетпіс жастың да желкесіен шықты.

Алакөлдің дамуына, әсіресе білім саласы мен тұрғындар арасындағы жылы қарым-қатынастың өрістеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматты аудан әкімі Ә.Жақанбаев мерейлі мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Ауданда өтетін әр шара мен жиыннан қалыспай, Алакөлім деп ақ ниетіңіз атқылап тұратыны белгілі. Бүгінде жетпіс жасқа келсеңіз де белсенділігіңізді жоғалтпай, елдің алдында жүргеніңіз бізді қуантады. Осы беталысыңыздан танбай, жүз жастық мерейтойыңызда да жолығайық»,- деген ізгі тілегін жеткізге өңір басшысы дәстүр бойына қуаныш иесінің иығына оюлы кәжекей мен ақ шәлісін жапты.

Өз кезегінде А.Дүйсебаева құмет білдіріп, бедел биігіне шығарып жатқан аудан әкімі мен өзге де бөлім, мекеме басшыларына алғысын жеткізіп, әжелік ақ батасын берді.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: