Жермқорлыққа жол берме!

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңада көптеген елдерде кеңінен белең алып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Ал осы көріністерді туындатқан салалар  мемлекеттік үрерісті, қарышты дамуына кедергі  келтіріп қана қоймай, сондай-ақ  мемлекет билігінің беделіне де нұсқан келтіреді.

Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға  теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін пайдаланып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.  Еліміздің қазіргі даму жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейтудің қосымша шаралары және құқық қорғаушылық қызметті одан әрі жетілдіру туралы» жарлығының қабылдауының маңызы зор. Сондықтан қоғамымызға оразан кесел келтіретін парақорлықпен күрес мақсатында Үшарал қаласы №17 өрт сөндіру бөлімінің басшы құрамы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының  бірінші орынбасары Көкебаев Қайрат Төребайұылының қатысуымен жеке құрамға жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша жиыны өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Б.МАМЫРБЕКОВ,

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

№17 өрт сөндіру бөлімінің бастығы,

Азаматтық қорғау подполковнигі.

Мәліметпен бөлісу: