Абайлаңыз балалар!

Аудан орталығының күн санап көркейіп, кеңейіп келе жатқаны әрбірімізді қуантады. Алайда адам санының өсуі көшелерде арлы-берлі жүйіткіген көліктердің де көбеюіне әкелуде. Ал ойын баласының бағдаршамға қарамауы, көшені кесе жүгіріп өтуі келеңсіз оқиғаларға әкеп соғуы әбден мүмкін.

Енді міне, жаңа оқу жылы да басталды. Мектепке асыққан ұл-қыздардың жолдағы қауіпсіздігі тәртіп сақшылары үшін өте маңызды мәселердің бірі болып отыр.

Осы ретте аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындарда жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген брашуралар таратты.

Қала ішінде арнайы жылдамдық белгіленгенімен, кейбір азаматтар темір тұлпарыа ерік беріп, көшелерде қайіпті сәттер тудырып отыратыны жасырын емес. Олардың барлығын бірдей қадағалау да оңайға соқпайды. Сондықтан да ел болашағын қолдарында ұстаған бүлдіршіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған түсіндіру шарасы өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.

Тәртіп сақшылары көлік иелеріне ең алдымен балалрдың алаңғасарлығы мен жүргізушілердің абайсыздығынан туындайтын келеңсіз оқиғалардың алдын алу жолдарын, жыламдықты асырмау, мектеп, балабақша аумақтарынан тіпті ақырындап өту сынды мәселерді айтып өтті. Өз кезегінде тұрғындар да жол жүру ережелерін қадағалап, оқыс жайттарды болдырмауға барынша тырысатындарын жеткізді.

Бұл балалрадың қауіпсіздігі үшін аудадық полиция бөлімі тарапынан істеліп жатқан ілкімді жұмыстардың бір парасы ғана. Бұдан өзге де бірталай іс қолға алынып, жолдағы қауіпсіздік тақырыбы күн тәртібінен түскен емес.


Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: