Мемлекет басшысының Жолдауында ең маңызды жалпы мемлекеттік мәселелерді талқылауға азаматтық қоғамды тарту қажеттігінен ротациялық принцип бойынша жұмыс істейтін Ұлттық қоғамдық келісім кеңесі құрылғаны айтылды. Орталық пен жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметкерлердің жабықтығынан адамдар өз мәселелері бойынша Президентке шығатынын айтып, Президент Әкімшілігінде азаматтардың мемлекетке жүгінуін қарастырудың сапасын тексеретін бөлім ашылғанын және жергілікті билік органдарының тиімділігін тұрғындар тарапынан бағалау жүйесін енгізу қажеттігін жеткізді.
Осы орайда саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайту үшін Алакөл аудандық қоғамдық келісім кеңесі аудан көлемінде «Қайырымды көршіге — рахмет», «Мерейлі отбасы» а«Медиация бойынша ашық есік күндерін», «Қоғамдық келісім — тиімді жаңғыруының кепілі» тақырыбында курс, «Жаңғырған ауыл», «Үздік қоғамдық келісім кеңесі»удандық байқауын, байқауын өткізіп, оған 6000 аудан тұрғындары қамтылды.
Аталмыш іс-шаралар барысында ауданындағы 16 ұлт өкілдерінің дінін, тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға, насихаттауға бағыттадық.
Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі уақыттарда жүзеге асырылып жатқан ішкі саясат Қазақстан қоғамында ұлтаралық ынтымақтастық пен халықтар достығының көркейіп дамуына қолайлы жағдай тудырды. Бүгінгі республикамыздағы діни конфессиялар мен ұлттар, ұлыстар арасындағы қарым-қатынастар отандас халықтардың шынайы достық пейілдерін айқындап тұр. Бір шаңырақ астында татулығы жарасып, ел тарихын жасауда үлесін қосып жатқан жүз отыздан астам ұлт өкілдері қазіргі таңда өздерін «қазақстандықпыз» дегенді мақтанышпен айта алады.
Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттары тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, қоғамдағы этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін Қоғамдық келісім кеңесіне қолайлы жағдай жасалуда.
Ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтарды қалыптастыруда қоғамдық келісімді қолдап, аудандағы этномәдени орталықтарымен қарым -қатынасты нығайтуымыз керек.
ҚР Президентінің Жолдауындағы қоғамдық келісімді нығайтудағы көтерген мәселесі өте маңызды. Ал сол мәселелерді, тапсырмаларды жүзеге асыру сіз бен біздің мойынға артылмақ. Жұрт болып жұмылып, ел мүддесіне қарй еңбек ете берейік.
К.БЕКТЕМИСОВА,
аудандық қоғамдың келісім кеңесінің төрайымы.