Өзекті мәселелер қаралды

Аудан әкімі Ә.Жақанбаевтың төрағалығымен ел экономикасында өзіндік өзектілігі мен орны бар «Әкімшілік айыппұлдар», «Коммуналдық мүлік», және «Бюджеттік рәсімдер» тақырыптарын таразы басына тастаған семинар ұйымдастырылды.

Оған жергілікті округ әкімдері, аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Сөз алған өңір басшысы Ә.Жақанбаев аталған мәселелер жөнінде аудан аумағында атқарылып жақтан жүйелі жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар легімен таныстырды.

ҚР Ұлттық экономик министрлігінің жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы М.Иманбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы Ж.Бораншина мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Б.Төлебекова төртінші деңгейлі бюджетке өтетін округ әкімдері мен мамандарына көтерілген тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар тарапынан да бірнеше сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Н.ЮСУПБАЕВ.

Мәліметпен бөлісу: