Спорт – деннің саулығы мен ұзақ өмірді ғана қадыптастырып қоймай, сонымен қатар қоғамдық тұрақтылық пен татулықшы, береке мен бірлікті де насихаттауда таптырмас құрал саналады. Ал бұл саланы өмірінің өзегі етіп, осы бағытта талай жылдар бойы талмай еңбек етіп жүрген жерлестеріміз де жетерлік.
Солардың бірі ретінде жетпіс жастың биігін бағындырған ардагер спортшы Асаутай Ақжолов ақсақал.
Мерейтой иесінің құрметіне орай Қызылащы ауылдық округі әкімдігінің ұйытқ болуымен Ж.Балапанов ауылында волейболдан дүбірлі дода ұйымдастырылды.
Аталған жарысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен сары-ала доптың сайыпқырандары жиналып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді.
Бәсенің ашылу салтанатында сөз алған Қызылащы ауылдық округінің әкімі Т.Маманов:«Құрметті Асаутай ақсақал, сізді жетпіс дейтін айтулы жасыңызбен құттықтай отырып, басыңызға амандық, деніңізге саулық, ісіңзге табыс пен береке тілеймін. Өзіңіздің өмір жолыңызда ауылымыздың, одан қала берді ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, қоғамдық тұрақтылықтың сақталуы мен береке-бірлігіміздің артуына елеулі үлес қостыңыз.Ең жауапты мамандық саналатын ұстаздық жолын таңдап, қаншама шәкірттердің болашағына сәуле шаша білдіңіз. Ең айта кетерлігі спорт дейтін ұлы ұғымды жаныңызға серік етіп, талай саңлақтарды тәрбиелеп шығарғаныңыз да белгілі. Бұл көлденең көк аттының қолынан келе бермейтін дүние»,- дей келе, қарияға арнайы дайындалған сияпаттарын табыстады.
Шынына келсек, мерейтой иесі спортқа деген ынта-ықыласының арқасында ел алдынан көрініп, өскелең ұрпақтың арасында салауатты өмір салтын насихаттауда жемісті еңбек етті. Бүгінде спорт ардагері атанып, жетпіс жасқа келсе де ширақтығын көрсетіп, арттан ерген жастарға үлгі, өнеге болып отыр. Даңқ пен дақпыртқа, атақ пен абыройға толы өмірін ұстаздық жолына арнап, ең қастерлі де қасиетті мамандықтың майталманы болды. Бұған – үлкен жүрек, темірдей төзімділік пен қайсарлық қажет екендігі мәлім. Асаутай ақсақал осы асыл қасиеттердің барлығын бір бойына дарытып, қаумалаған қауымның алғысындаиеленді.
Қариға деген елдің құрметін додаға жиылған қарақұрым жұрттың молдығынан аңғардық. Барлығы да мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, жүз жасқа жеіңіз деген тілектерін білдіруде.
Уағдалы уақытында бәсеке де басталып, алаңға алғышқы құрамалар шықты. Волейбол десе ішкен асын жерге қотын ойыншылар барларын салып, жеңіс тұғырынан көріну үшін аянып қалмады. Сары еденнің шаңын, сары-ала доптың жанын шығарған олар ширақ қимыл, шапшаң қозғалыстарының, өзара түсіністік пен керемет айла-тәсілдің арқасында көрермендерді де тәнті ете білді.
Жарыстың қорытындысы бойынша ардагерлер арасында екпінділіктер үшінші, ырғайтылықтар екінші, қызылащылықтар бірінші орынның мінберінен көрінді.
Ал жастар арасында Ырғайты құрамасы үшінші, Үшарал командасы екінші орынға жайғасса, қарсылас шақ келтірмеген жайпақтықтар бас жүлдені қанжығалады.
Барлық жүлдегенлерге арнайы диплом медаль, кубог және бағалы сыйлықтар табыталды.
А.ЕСЕНБЕКОВ.