Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Сақтансаң сақтайды

Дүйім дүниені дүрліктірген індеттің алдын алу әрекеттері ел ішінде күннен-күнге артып келеді. Осы ретте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемесінде коронавирусқа қатысты ТЖ жағдайында бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қажет шешімдерді қабылдады.

Президент халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп екенін және өз уақытында қабылданған шаралардың нәижесінде ел аумағында коронавирустың жаппай таралмауына жол берілмегендігін атап өтті. Алайда осы келеңсіз жайттың алдын-алу мақсатында еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырып, халыққа сабырлық сақтап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде: «Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.»,-деді.

Ажалмен арпалысып, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы қатарында жүрген ақ желеңді дәрігерлердің еңбектері еленіп, алғысқа бөленіп жатқаны көңіл қуантады. Ауру жұқтыру қаупіне қарамастан аянбай тер төгіп жүрген абзал жандар үшін ең маңыздысы халықтың денсаулығы. Бүгінгі таңда күллі қазақ елі медицина қызметкерлерінің жауапкершілігінде десек те артық айтпағанымыз.  

Ынтымағы ырысты, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі халықпыз. Дәл осындай сын сағаттарда салымыз суға кетпесін.  Біз- біргеміз, берік іргеміз!

А.БУТАБАЕВ,

аудандық орталық аурухананың директоры.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov