Бүгінгі күннің батырлары

Бүгінгі күннің батырлары Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығын қолдайды.

Мен Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы болғандықтан ұрпақтар сабақтастығына сенемін.

Батыр бабаларымыздың, аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің, жеңісінің арқасында бүгін тәуелсіз, егеменді, бейбіт елде өмір сүрудеміз.

Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктерін біздің жастар ұмытпайды, оны әрі қарай жалғастырады. «Тәжді індетті» жұқтырып алған дәрігерлер, күні-түні далада жүріп халықты қорғаған полиция қызметкерлері, көмекке зәру болған жандарға бетперде, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасыған еріктілер мен қоғамның белсенді мүшелері — біздің батыр бабаның ұрпағы екеніміздің анық белгісі.

Менің айналамдағы ағаларым, інілерім, жолдасым да әскери борыштарын өтеген, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткендер және бүгін де олар жауапты қызметте. 

«Отанды қорғау — ерлердің ісі» деп халқымыз бекер айтпаған. Халқымыз бен отбасымыздың амандығы үшін Жетісудың ер-жігіттерін азаматтық борышын өтеуге шақырамын. Бұл Жетісу жастарының ұлы бастамасы болатынына сенімдімін. Мұны басымызға келген індетті бірігіп жеңуге аналық жол сілтеуім деп біліңіздер.

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Құрметпен, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы, «Кәсіпкер» журналының бас директоры Гүлжиян Мағданқызы СҮЛЕЙМЕНОВА

Мәліметпен бөлісу: