Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 07. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Карантинді қатаңдатқан жөн

Күні кеше ғана ел Президенті Қ.Тоқаев коронивур індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді.

Аталған шарада тәжвирусының салдарынан соңғы жағдайлардың ушығып бара жатқаны және азаматтардың саулығын сақтау үшін қатаң карантиндік режимді қайта енгізу ісі қаралды.

Төтенше жағдайға байланысты шектеулер алынғаннан кейін дертпен ауырғандардың саны 7 есеге ұлғайған. Бұны Президент Қ.Тоқаев кемшілікретінде атап, тиісті басшыларға сөгіс те жариялады.

Бір айта кетерлігі, мемлекет тарапынан қажетті шаралар қабылданып, жұмыс та жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Алайда халықтың қолдауы болмаса барлығы да бос әурешілік екендігі мәлім. Олай деуімізге бірнеше себеп бар.

Біріншіден, тұрғындардың қарапайым қаупсіздік шараларын сақтамауы. Мәселен, халық көп жүретін жерлерде, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүру, екі метрлік ара-қашықтықты сақтамау, қол алысып амандаспау, көлікке толып отырмау сынды қажетті істерге немқұрайлы қарауда.

Екіншіден, елдегі тәжвирусының ауыр жағдайына қарамастан той-томалақ, жиын-отырыс өткізу, үш адамнан артық серуендеу, топ-топпен жүру, қонақ шақыру секілді мәселелер де баршылық. Бұлар өз кезегінде аурудың таралуына таптырмас мүмкіндік. Себебі вирус адамнан адамға жұғуы үшін қарым-қатынас қана керек.

Жоғарыда аталған шараларды сақтамаудың салдарынан ел аумағында сырқаттардың саны бірнеше есе артып, күнігі жаңа науқастар анықталуда. Сондықтан да барлық алакөлдіктерден тәртіп пен талаптарды толықтай орындап, ретсіз көшеде жүруден тиылып, көпшілік жерлерден аулақ болуды сұраймын.

Біз өз денсаулығымызға ең алдымен өзіміз жауапты екенімізді ұмытпайық. Бүгінгі бір кемшілігіміздің кесірінен сырқаттанып, ертең туған-туыс пен бала-шағаның денсаулығына қауіп төндіретініміз жасырын емес.

Кеңес барысында Президент: «Иә, бұл – қауіпті ауру. Оны емдейтін вакцина әлі жасалған жоқ. Бірақ оны қауіпті екен деп байбалам салып, үрейге бой алдырмау керек. Сондай-ақ жөнсіз әрекетке барып, дәрігерлерге тіл тигізіп, санитарлық режимді бұзуға жол берілмейді. Ал науқастанып қалғандар сарыуайымға, пессимизмге салынбағаны жөн. Ем алумен қатар, ағзаның күші, адамның көңіл-күйі оның құлантаза айығып кетуіне ықпал етеді. Денсаулық сақтау министрлігі және санитарлық дәрігерлердің ұсынымдары мен талаптарын естен шығармауды сұраймын. Мұның бәрі мемлекеттің ең басты игілігі – сіздердің, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған»,- деп, халықтың сабырлы болуын сұрады.

Қадірменді алакөлдіктер, барлық жағдайды ескере отырып, сақтық шараларына бей-жай қарамау ең бірінші кезекте өздеріңіз үшін қажет екенін ұмытпаңыздар. Карантиндік шектеулерді қатаң ұстанып, тәртіпке бағыну арқылы ғана біз бұл дертті жеңе аламыз.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov