Тұңғыш Президент Елбасы Н.Назарбаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай аманаты» атты көлемді мақаласын жарияланып, ондай біраз маңызды мәселелер көтерілген. Аталмыш мақала ұлы ақынның тұлғасын толық тану жолын қозғады.
«Алатаудың жан-жағы тіп-тік құлама құздармен қаусырылып, заңғар басына бұлт қонақтаған Абай шыңына көтеріліп, ақын рухына тағзым еттім. Ұлы ақынның өз халқымен бірге адамзаттың биігінен көрінгенін тіледі»,-дей келе, дәл осы жағдайдан кейін ұлы ақынымыздың есімі әлемнің түкпір-түкпірінде ұлықтала бастағанын жеткізді. Оның 150 жылдық мерейтойының халықаралық деңгейде еліміз үшін маңызды болғанын атап өтті. Және бқл мақалада Елбасы өміріне және ел басқарудағы қалтқысыз қызметіне бас ақынның ғибраттарының маңызды рөл атқарғанын сезіндік.
Үстіміздегі 2020 жылдың басты ерекшелігі – мемлекет тарапынан ұлт рухын жаңғырту мақсатында халықтың рухани құндылығына баса назар аударылуда. Бүгінде Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен еліміздің әр аймағында Абай арқылы ұлттық болмасымызды насихаттау, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында көптеген тиімді іс-шаралар атқарылып жатқандығы жасырын емес. Сондай-ақ, ұлттық болмысымызды Абай тұлғасы арқылы әлемге паш ету жұмыстары мен мектептерде Абайтану орталықтарын ашу қарқынды жүргізілуде. Абай қазақ тарихында өнегелі өмірі мен дархан даналығы арқылы танылған тұлғалардың бірі . Сондықтан да Абайды оқу әрбір адам үшін үлкен рухани байлық болса, оны оқыту үлкен жауапкершілікті, білімді және ізденісті қажет етеді.
Абай сөзі дәл бүгінгі заманымыз үшін көкейкесті. Ақын шығармаларынан халқымыз тағылым алуға тиісті. Қазақ халқы болып бастау алған игі іске жұмыла кірісу ұлы ақынға деген құрметтің белгісі деп білемін. Алдағы уақытта қазақтың маңдайына біткен дана ақынның шығармаларын халыққа кеңінен ұлықтайтын біз – жастармыз.
Б.МӘТЕН,
аудандық персаналды басқару бөлімінің статисі.