Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса сол жерге тамыр жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Ол бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр.
Біздің Республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алган сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезекті міндетіне айналды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты аландататыны анық.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті мәселе. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни, көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің мүддесінен шығатынымыз сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс-қозғаудың бір негізі – азаматтардың арызы. Әрбір адам өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, қандайда болмасын «қолы да, жолы да ұзындар» құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Ұжымдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өклеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ен өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Б.БОЛАТБЕКОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.