Болашақ бүгіннен басталады

Мемлекет басшысы 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олрадың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.

Президент бастамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жуйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ұшықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, ол барлық ұлт жанды азамттардың парызы, демек бүкіл қоғам болып қолға алсақ қана алдын алып, жолын кесу мүмкіндігі болады.

Бұл дертпен белсенді күресу үшін халықтың құқықтық сауатын ашу мақсатында түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

Ш.ЖАГИПАРОВА,

Аксу ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің басшысының м.а. 

Мәліметпен бөлісу: