Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 07. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жас келсе – іске

Айдыны тулаған, ақ шағаласы шулаған айбынды Алакөлдің даму потенциалы өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Алдыңғы толқын ағалардың саналы да сапалы жұмыстарының арқасында ауданның бүгінгісі бұрынғысынан бақуатты, болашағы бүгінгісінен баянды болмақ. Бұндай тұғырлы жетістіктерді тіктеуде өңіріміздің өр тұлғалы азаматтарының талай маңдай тері мен қолтаңбасы тұрғандығы анық.

Қазір заман өзгеріп, дәуірдің сұранысы алмасты. Ықылым замандағыдай қылышпен сауыт сөккен уақыт тарих қойнауына сіңіп, жаңа технологиялар мен тың көзқарастардың мезеті туды. Сондықтан да саяси аренаға жаңа ойлай алатын жастарды тарту – заман талабы екендігі мәлім.

Осы ретте ауданның жалынды жастарының бірі, қайырымдылық бағытындағы істерде талай жұмыстар атқарған азамат, белді журналист Алмат Асхатұлы да аудандық мәслихатқа үміткер ретінде тіркеліп отыр.

Сайлауалды бағдарламаны насихаттау және халыққа жақын болу ниетінде А.Есенбеков көптеген шараларды атқаруда.

Ең алдымен «Есіктен есікке» акциясы аясында Үшарал қаласының тұрғындарымен канвассинг кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылармен еркін форматта сұхбат жүргізуде.

«Жас келсе – іске» демекші, бойындағы жастық қуатын халық мүддесіне қарай жұмсауды міндет еткен үміткер шаһар тұрғындарының тілектері мен ұсыныстарын тыңдап, партия тарапынан жоспарланған жұмыстар легімен таныстырды.

Сонымен қатар Үшарал бастауыш партия ұйымының мүшелерімен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен, өңіріміздің ата басылымы, аудандық «Алакөл» газетінің ұжымымен экспромт кездесулер жасап, сұрақтарына жауап берді.

Алматтың діттегені бір қойы егіз туса, бір бетегесінің басы айыр шығатын  мәрт далалы өңіріміздің жақсылыққа жаны құмар жомарт жандарын қайырымдылық қозғалысына ерекше қарқынмен атсалысуына тарту. Сол арқылы жетімін кемеңгер  етіп, жесірін жерге қаратпаған текті жұртымыздың бағзыдан бері келе жатқан осынау ізгі қасиетінің жалғасуына өзіндік үлесін қосу. Болашақ кілтін уыстарында ұстаған жастармен жұмысты жандандырып, олардың өңірімізге қатысты саяси, экономикалық, сонымен қатар өзге де маңызды шаруларына араласып, жеке пікірлері мен пайымдарын білдірулеріне, оларды жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуына септесу. Әлемдік аренада «Қазақстандық жастар» деген брендті қалыптастыруда Алакөлдік қатарластарымның да болуына демдесу болып отыр. Жас болса да өз саласында елеулі жетістіктерге жете білген және қайырымдылық істерінде ерекше көзге түсіп жүрген үміткердің мақсаттарына жетуіне депутаттық мандаттың елеулі әсер етері сөзсіз.

Т.ҚАБЫЛҚАНОВ,

аудандық сайлауалды штабы қоғамдық қабылдау бөлімі сарапшысының көмекшісі.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov