Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Кәсіпкерлермен кездесу

Сайлауалды науқандағы насихат жұмыстары өз жалғасын тауып, «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Д.Каримов пен аудандық мәслихатқа кандидат Қ.Көкебаев З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйіне кәсіпкерлермен кездесі өткізді.

Шағын және орта бизнесті дамыту аудан экономикасының өсу резервінің бірі болып табылады. Ауданда кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.

Алайда COVID-19-ның таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтандыру сияқты секторлары зардап шекті, ал олар өңір экономикасының 38%-ын құрайды. Аталған мәселені таразы басына тастасақ шағын дәне орта кәсіпті қолдаудың өзектілігі күн санап артып келе жатқандығын байқаймыз. Халықтың басым бөлігі осы салаға бет бұрса, сол арқылы халықтың хал-ахуалы да оңала түспек.

Осы ретте мемлекеттік дамудың қозғаушы секторы саналар шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі мен кедергілерді жою бойынша партия тарапынан қарастырылған жаңа мүмкіндіктер жайында сөз қозғалды.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихатқа үміткер Қ.Көкебаев өңір аумағында бизнес өкілдеріне қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтар жайында әңгіме өрбітіп, партияның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстар легімен таныстырды. Өз сөзінде пандемия салдарынан ақсаңдай бастаған орта және шағын кәсіпкерлікті қайтадан аяққа тұрғызу, одан әрі дамыту жолдарын айшықтап, көрсетілер көмектерге де тоқталды.

Мәжіліс депутаттығына үміткер Д.Каримов кәсіпкерлік саласының азулы өкілі болғандықтан алда кездесер кедергілерді қалай жеңу керектігі жайлы мағлұмат беріп, бизнесті дамытудың тиімді әрі оңтайлы жолдарын көрсетті.

Сонымен қатар бас партияның кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша бекітілген игілікті шаралары мен бағдарламаларын тілге тиек етті.

Л.ТУКЕЕВА,

аудандық сайлауалды штабы қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov