Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 09. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Тағылымға толы тіл фестивалі

Тілді адамдар бір-бірімен араласып, тығыс байланыста болып, өзге ұлттармен достық қарым-қатынастарын арттырып, түйткілді мәселелерді шешу үшін басты байланыс құралына айналдырды. Елбасы Н.Назарбаевхалықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, кезекті бір Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық тіл, ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген болатын.Атадан балаға мұра болған байлықтың мәртебесін арттыру мақсатындажыл сайын қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдерімерекесін атап өту дәстүрге айналған.

Айтулы мерекеге орайҮшарал қалалық №1 орта мектептің мәжіліс залында «Тіл – татулық тірегі» атты тіл фестиваль өтті.Айтулы мерекемен ұстаздар мен оқушыларды құттықтаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Жексембаева тілдің маңыздылығына қысқаша тоқталып, іс-шара барысына сәттілік тіледі.Келесі сөз кезегін алған аталған білім ошағының директоры С.Құнанбаева: «Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Сол себептен де қазақ тілін қастерлеп, орыс және ағылшын тілдерін назардан тыс қалдырмай, әрдайым үйренуге ұмтылайық»,-деп шәкірттерге жігер берді.

Мерекеге құрметіне орай балалар қазақ даласын мекен еткен бірнеше ұлттың тілінде жылы лебіз, ақ ниеттерін білдірді. Оқушылардан жасақталған хор «Отаным Қазақстан» әнін орындап, әрбір ұл мен қыз жұдырықтай жүрегімен еліне, жеріне деген махаббатжеткізді. Ал Маргарита Иванова шырқаған «Дала дастаны» әні жеткіншектерді патриоттыққа, елжандылыққа жетеледі. Бірнеше ұлттың биін билеу арқылы сол халықтардың мәдениетін, дәстүрін айшықтады. Мемлекеттік тілде қара сөздер оқылды.

Шәкірттерді ізгілікке, бірлікке, білімділікке жетелеген шара білім ошағындағы кітапханашылардың ұйымдастырған мемлекеттік тілді құрметтеу, Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатындағы кітап көрмесіне ұласты. Онда Елбасы мен тілдің маңыздылығын арттыратын кітаптар қойылып, рухани жаңғыруға байланысты түсініктер берілді.
Үлкен белсенділікпен өткен тағылымға толы мереке мереке ұстаздар мен оқушылардың арасындағы сыйластық пен құрметті арттырып, көтеріңкі көңіл күй мен демалыс сыйлады.

А.Иманасова

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov