Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Нақты іске көшетін сәт келді

Қазір құрғақ сөз бен бос уәденің емес, нақты іске көшетін мезетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да Nur Otan партиясы тарапынан 2021-2025 жылдарға бекітілген сайлауалды бағдарламаны әр тармағын таразылап, ел мүддесіне қарай қам қылудың алғашқы сатылары да қалануда. Бұл туралы күні бүгін фракция отырысында хабарланды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нугматуллин, ҚР Премьер министрі Асқар Мамин, Nur Otanпартиясы төрағасының біріншіт орынбасары Бауыржан Байбек қатысқан алқалы жиында алдағы бес жылдықтағы ел дамуының тірегі саналар салалар бойынша күрмеулі мәселер көтеріліп, оларды шешу жолдары және жобалар мен жоспарлар талқыға түсті.

Бас партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басым бағыттар бойынша көзделген жұмыстар басталып кетті. Партия төрағасы бір сөзінде: «Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бәр сәттік пайданы көздеген жоқпыз»,- деген болатын.

Расымен де, партия тарапынан бекітілген бағдарламалар халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыстық жағдайын оңалту және заман ағымына сай лайық өмір сүрулеріне мүмкіндіктер ашу сынды мақсаттарды көздейді. Бүгінгі өткен жиын барысында осы бағыттағы ілкімді жұмыстар төңірегінде салмақты пікірлер айтылғанын байқадық.

Соның ішінде, ҚР Премьер министрі Асқар Мамин бүгінгінің басты мәселесі саналар «Баспана машақаты» жайлы көптеген дүниелерге тоқталды. Бағдарлама негізіне сүйенсек алдағы бес жылдықта 103 млн. Шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы қолға алынбақ. Бұл шамамен 977 мың отбасы баспаналы болады деген сөз.

Шынымен де, республиканың әр аймағындаға ең өзекті мәселесе осы баспанаға келіп тірелуде. Осы ретте партия тарапынан көтеріліп отырған келелі мәселердің қатарына бұл да өз тұғырын тіктегені көңіл қуантады.

Бұдан бөлек бағдарламаның басты 4 бағыты бойынша әлеумет әлеуетін көтеруді көздеген 362 іс-шараның ең өзектілері тілге тиек болды. Бұнда әр азаматқа бірдей мүмкіндітерге жол ашу, білім, денсаулық сақтау мен қаржылық мәселелер, өңірлер экономикасын тұрақты дамыту үрдісі төңірегінде де сөз қозғалды.

Алдағы уақытта діттеген жұмыстар жіті бақылауға алынып, жүзеге асу барысы үнемі назарда болмақ.

Б.САЯТОВА,

Алматы облыстық мәслихатының депутаты.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov